astana-view

Фермер сапалы сүт ұсынады

2016 жылғы 14 Шілде
- Павлодар облысы
13616 просмотров

Павлодар ауданы Мичурино ауылында сүт өңдейтін зауыт ашылды, онда «фермерлік сүт» деп аталатын экологиялық таза сүт өнімдерін шығарады

Соңғы кездері тұтынушылар арасында экоөнімдер ерекше сұранысқа ие. Экологиялық жағдайға байланысты адамдар денсаулығына көбірек көңіл бөле бастады. Осы тұста өнімдерді өндірушіден тікелей сатып алуға мүмкіндік беретін ауылшаруашылық кооперативтерін құру бірегей шешім болар еді.

«ВЕКТОР S» ЖШС шығаратын сүт өнімдері брендке айналмақ. Компания сауда белгісін дайындау үшін «Эко Мастермен» шартқа отырды.

Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының көмегімен сүт зауытының жанынан «Туған өлке» атты ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылды. Ол зауытқа сүт жеткізеді.

Филиал тарапынан «Ауылшаруашылық өндірістік кооперативі туралы» заңды түсіндіріп, осы процеске ауыл тұрғындарының жеке тұрғын жайлары мен шаруа қожалықтарын тарту мақсатында кәсіпкерлермен кездесулер өткізілуде. Ол жалпы шағын бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасайды.

Аталған жоба сүт пен сүт өнімдерін өңдеуді, дайындауды, тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындар құру мен кеңейтуді субсидиялау үшін  Палатаның аудандық филиалының сүйемелдеуіне алынды.

Кәсіпорында сары май мен ірімшік шығаратын желілер іске қосылды. Өндірушінің айтуынша, мұндағы май сапасы жағынан нарықтағы танымал майлардан бір мысқал да кем емес.

Бүгінгі таңда мұнда тәулігіне үш тоннадай сүт өңделеді, әрі бұл шекті меже емес: сүт өнімдерін шығарушылардың жоспары – көлемді он тоннаға дейін арттыру.

Мичуриндік сары майды Ресейдің көрші облыстарына тасымалдау жолға қойылған. Оған тұрақты сатып алушылар тиісті бағасын да беріп үлгерді. Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер құрғақ сүт шығаруды да жоспарлап отыр, осы мақсатта қазірде сүтті кептіретін цех ашуға байланысты жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер