astana-view

Ауылдағы іскер әйелдерге 150 миллион теңге бөлінді

2016 жылғы 18 Шілде
- Маңғыстау облысы
10837 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің арқасында Маңғыстау облысында басталған микронесиелендірудің пилоттық бағдарламасы бойынша осындай сома бөлінді

Микронесиелендірудің жалпы сомасы 588 млн теңгені құрап отыр.

Жуырда ӨКП Іскер әйелдер кеңесі облыстағы ең шалғай жатқан Бейнеу ауданында болып қайтты. Ол Ақтаудан 500 шақырым қашықта жатыр. Өзбекстанмен шекараласады. Бейнеу – Маңғыстау облысындағы ең ірі теміржол бекеті. Аудан орталығы жанынан «Орта Азия – Орталық» газ құбыры тартылған. Шамамен 65 мың адам тұрады.

Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері қандай қызмет түрі, нендей өндіріс әйелдер қолымен істеліп, ауданға пайдасын тигізетінін аудан басшылығымен кездесуде ортаға салды. Жергілікті кәсіпкер әйелдерді іске тарту керектігі  айтылды. «Атамекен МҚО» ЖШС-на осы күннің өзінде Бейнеуден 5 кәсіпкер әйелден өтініш түскен. Делегация ауданға келгенде «Жібек жолы» қонақ үйінің ашылу салтанаты өткізілді. Соның арқасында 10 тұрғын жұмыспен қамтылды.

ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова аудандық іскер әйелдер назарын аудан орталығында қызмет көрсету түрлерінің аясын кеңіту керектігіне аударды. Аудан тұрғындары «химиялық тазалау» қызметін, жастықты тазалау мен жөндеу, балаларды дамыту орталығы мен мүгедек балаларға арналған орталықтардың тұтынғысы келеді дейді ол.

«Ауданда мүгедек әйелдер бар. Оларды еңбекке тарту керек. Жұмыс тауып беру керек. Орналасу жеріне қарай болар, бірақ аудан орталығында шағын және орта кәсіпкерлікті негізінен өзбек ағайындар иеленіп кеткен. Оларға ақы төлеу жергілікті кәсіпкерлерге ыңғайлы, арзан болып тұр. Мұндай тәжірибеден бас тарту керек. Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында өзге елдің азаматтарын жұмыс істеткізуге болмайды. Олардан гөрі шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерінде жұмыс істей алатын мүгедек болса да, өзіміздің елдің азаматтарын жұмыспен қамтиық», – деп атап өтті С.Салихова.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер