astana-view

Жылу есептегіштер мен сорғылар шығарады

2016 жылғы 19 Шілде
- Жетісу облысы
9977 просмотров

Алматы облысында жылу мөлшері мен шығынды есептейтін құрылғылар шығарылады

Жуырда Қазақстанда жылу есептегіш және шығын өлшеуіш құрылғылар шығарыла бастады. «Омега-Прибор» компаниясы – отандық кәсіпорынның бірі, ол есептеуіш құрылғылар шығарып, жеткізумен айналысады. Су мен технологиялық сұйықтықтарды өлшеуіштер, жылу есептегіштер табиғи ресурстарды қазу мен байыту саласында оңтайлы қолданылып келеді. Бұл құрылғылар Қызылорда, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарына жіберіліп отырады. Отандық өнім өндірушілер тізімінде бұл компания 2011 жылдан бері бар.

«Өлшеуіш құрылғылар нарығына шыққалы біраз тәжірибе жинақталды. Есептегіш, өлшеуіш құрылғылар жасаудың қыр-сырын меңгердік. Тұтынушылар біздің заттарды жоғары бағалап жатады. Сондықтан бәсекелестік жоғары болған күнде де бізде өнім сатылымы еселеніп жатыр. Табысты компанияның дамуына жұмсаудамыз. Жаңа идеяларға, заманауи құрылғыларға, технологияларды жетілдіруге барымызды салып жатырмыз. Өндірісті жүйелі түрде басқару, заманауи өндірістік және метрологиялық база біздің құрылғылардың жоғары сапасына, есептеулерінің нақтылығына кепіл бола алады», – дейді даму бөлімінің басшысы Әнуар Молдабеков.

Бірақ құрылғының электронды бөлігі Ресейде жинақталады екен. Өйткені, біздің елде өндірісті бір жерден шығаруға толыққанды технологиялық әлеует жетіспейді. Металдары мен өзге де бөліктер өз облысымызда дайындалады.

Ендігі кезекте компания жылу есептегіштерді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына енгізуді жоспарлап отыр. Бұрын құрылғыларды вахталық қалашықтарда орнатып көрген. Сондықтан өндірушілер ресейлік есептегіштерді емес, отандық баламаны таңдауға кеңес береді.

«Омега-Прибор» өз өнімінің тұсауын жергілікті мониторинг пен отандық өндірушілер өнімін өткізу комиссиясының жиынында кесті.

«Өндірістік сорғылар» компаниясы «Омега-Прибор» компаниясымен бірігіп, өндіруші компаниялар қатарына кіреді. ЖШС бас инженері Юрий Чугайдың айтуынша, бұл сорғылар сумен қамтамасыз ету саласында, суғару жүйесінде, қысымды өлшеуде, өндірісте қолданылады.

«Өндірістік сорғылар» ЖШС 2012 жылы құрылды. Кәсіпорын Қарасай ауданында орналасқан. Біз сорғылар шығарамыз, ал қозғалтқышты Германиядан сатып аламыз. Су тартатын сорғылар диаметрі 4,6 дюйм болатын өте терең ұңғымадан таза су тарта алады. Олар берік, заманауи қозғалтқышпен жабдықталған», – дейді сарапшы.

Былтыр компания 1000 құрылғы шығарған. Көбіне табиғи ресурстарды қазу мен байыту саласындағы кәсіпорындардың тапсырысын орындайды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер