astana-view

Инфляция мен валюта нарығын назарда ұстаңыз

2016 жылғы 19 Шілде
9888 просмотров

Ұлттық банкте Қазақстандағы ақша-несиелік шарттар қандай факторлар негізінде қалыптасатынын айтып берді

Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені төмендету арқылы ақша-несиелік шарттарды жеңілдету саясатын жүргізуде. 2016 жылғы мамырдан бастап базалық мөлшерлеме 17%-дан 13%-ға дейін азайған. Бұл туралы бүгін ҚР ҰБ төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов ҚР Үкіметінің отырысында жасаған «2016 жылғы 6 ай ішінде Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму мен мемлекеттік бюджетті атқару қорытындылары мәселелері» жөніндегі баяндамасында айтты.

«Базалық мөлшерлемеге қатысты бұдан арғы іс-қимылдар инфляция жөніндегі іс жүзіндегі деректерге, олардың болжамдардан ауытқуы, тұрғындар мен нарықтың инфляциялық болжамдары, сонымен бірге экономика субъектілерінің валюталық қалауларына байланысты болмақ», – деп атап өтті Пірматов.

ҰБ төрағасының орынбасары «мүмкін болатын базалық мөлшерлеменің төмендеуі инфляция деңгейінің арнаулы мөлшерге жақындауын куәландыратын тұрақты белгінің болуымен шартталғанын» жеткізді.

Сонымен бірге, Ұлттық банк деректері бойынша, 2016 жылғы қаңтар-маусым айларында инфляция 4,6% деңгейінде қалыптасқан. Бұл тұста Ғалымжан Пірматов өсу қарқыны «толықтай болжамдарға сай» екенін және 2016 жыл қорытындысы бойынша жылдық инфляция 6-8% төңірегінде қалыптасып, мақсатты дәлізге жететінін және бұл көрсеткіш келесі жылдың соңына дейін сақталады деп болжам айтуға әбден болатынын айтты.

Ұлттық банкте Ұлттық қордың алтын-валюталық резервтері мен активтерінің жағдайы туралы да ақпарат берді.

Ғ.Пірматов берген ақпарат бойынша, алтын-валюталық резервтер жыл басынан бері 9,4%-дан 30,5 млрд АҚШ долларына дейін артқан, бұл «соңғы 4 жыл ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш». Ұлттық қор активтері 65,7 млрд АҚШ долларына жеткен.

«Елдің халықаралық резервтері 96,2 млрд АҚШ долларына дейін жетіп, өсу 5,3%-ға тең болды», – деді Ғалымжан Пірматов.

Жанар  Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер