astana-view

Отпен ойнауға болмайды

2016 жылғы 21 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
11198 просмотров

Биыл жаз маусымы айтарлықтай ыстық болмағанымен, өрт қаупі жоқ деуге болмайды. Олай болса, ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлерді өрттен қалай қорғауға болады?

Жауап қарапайым: көктемгі егістік жұмыстарын жүргізгенде, шөп шапқанда, өнімді жинағанда және дәнді-дақылдарды сақтау кезінде өртке қарсы негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Егістікте қалған пішендерді, сабандарды және т.б. қараусыз жағуға болмайды. Егер өрт орын алса, 101 нөмірі бойынша өртке қарсы қызметке хабарлау қажет. Одан бөлек, шаруалар нысандарды өрт сөндіргіштермен, өрт сөндіру көліктері еркін өте алатын бос жерлермен және де ереже бойынша осы жағдайда талап етілетіннің барлығымен  қамтамасыз ету керек.

Аталған ережелерді жергілікті Кәсіпкерлер палатасы филиалының көмегімен Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім өткізген дөңгелек үстелде М. Жұмабаев ауданының диқандары мен фермерлерінің естеріне тағы бір мәрте салып өтті. Шараға 20-дан астам ауыл шаруашылығының басшылары қатысты. Олар егер өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтаса, ең алдымен өзіне, өзінің жеке бизнесіне және де өз жерлестеріне жақсылық жасайтындықтарын жете түсінеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер