astana-view

Әлемдік стандарттарға теңесу

2016 жылғы 22 Шілде
- Қызылорда облысы
11594 просмотров

Шетелдік сарапшылар қызылордалық фермерлерге озық технологиялардың қыр-сырын үйретіп жатыр 

«Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі – ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің ғылыми-техникалық және инновациялық жетістік нәтижелеріне бірден қол жеткізу мақсатындағы арнаулы білім беру жүйесін құру. Алдыңғы қатарлы технологияларды ауылшаруашылық өндірісіне тездетіп енгізуге мүдделі.

«Атамекен» ҚР ҰКП қазіргі таңда ауылшаруашылық кешені саласында білім берудің тиімді жүйесін құру жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындауға кірісті.

«Атамекен» ҚР ҰКП жанында Агробіліктілік орталығы ашылды. Ол ауылшаруашылық кешені субъектілеріне ақпарат-кеңес берумен айналысады. Ауылшаруашылық кешені үшін нарыққа талдамалы зерттеулер жасайды. Тәжірибе алмасу мен ауылшаруашылық субъектілеріне нақты кеңес беру үшін шетелдік сарапшылар мен мамандарды шақыртады.

Семинарда «Күріш» бағытында ресейлік сарапшы С.Ковалев, «Мал азығы» бағытында сербиялық Джура Каражик, «Көкөністер мен бау-бақша дақылдарын ашық және жабық топыраққа отырғызу» бойынша ресейлік сарапшы С.Конин және АҚШ сарапшысы Филипп Саймон, мал шаруашылығы бағытында «Түйе бағу» бойынша француз сарапшысы Б.Файе, «Жылқы бағу» бойынша ресейлік сарапшы М.Зайцев, «Мал бордақылайтын алаңдар» бойынша ресейлік сарапшы М.Белобородов дәріс оқиды.

Облыс бойынша 34 семинар өткізілмек. Оқуға ниеті бар адам Қызылорда кәсіпкерлік палатасының сарапшысы А.Пірмановаға өтініш берсе болады (қосымша ақпаратты мына нөмірден білуге болады: 40-09-81, ішкі 4314).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер