astana-view

Ешкі түбітімен ғана емес, сүтімен де пайдалы

2016 жылғы 27 Шілде
- Павлодар облысы
14746 просмотров

Аққу ауылында ерлі-зайыптылар ешкі сүтінен жасалған өнімдер өндіруді жолға қойды

Ешкі түбіт жүнімен бағаланатыны белгілі. Одан жылуды жақсы ұстап тұратын жіңішке әрі берік жіп алады, бұл әсіресе өңірдегі қақаған аязда аса қажет. Сондықтан ешкі түбітіне деген сұраныс жоғары.

Бірақ, сүтті ешкілерді өсірудің басқа да пайдасы  көл-көсір екенін біреу білсе, біреу білмейді. Себебі, оның сүтінің пайдалы қасиеттері ежелден белгілі бірегей өнім. Әсіресе, ол кальций тұздарына бай, осының арқасында оның бала тамақтандырудағы пайдасы мол. Одан тамаша сүзбе мен дәмді ірімшік жасауға болады.

Нарықтың бұл саласы толықтай дамымаған. Аққу ауылында жас отбасы осыны пайдаланып, ешкі сүтінен пайдалы сүт өнімдерін өндіруді жолға қоймақшы. Айдос Дүйсенбек пен оның жұбайы Карина бұл үшін қаладан ауылға көшіп келген.

Өз идеяларын жүзеге асыру үшін жас жұбайлар Лебяжье ауданындағы Кәсіпкерлер палатасы филиалына жүгінген. Палата сарапшылары, бірінші кезекте, бизнесті қолдау саласындағы мемлекеттік құралдар бойынша кеңес берді, бұдан соң несиелендіру үшін оңтайлы бағдарлама таңдалып алынды. Филиал жаңа жобаны толық қолдауды толық өз мойнына алып, тиісті құжаттарды қарыз алу үшін қаржы институтына жолдады.

Шілде айында жас шаруа жұбы көптен күткен 2 миллион теңгелік қаржыға қол жеткізді. Қазір олар ешкілерге арналған қора-жай салумен айналысуда.

Жас отбасы ешкі сүтін өңдеуге арналған жабдық сатып алып, ірімшік пен өзге де өнімдер жасап, тұрғындарға сатуды жоспарлап отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер