astana-view

Инновациялық гранттар: идея және оны іске асыру

2016 жылғы 29 Шілде
- Павлодар облысы
11094 просмотров

Инновациялық гранттарды кімдер иелене алады, өтінімді қалай рәсімдеуге болады, қандай бағыттарға басымдық берілген? Осы және өзге де мәселелер Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен семинар-тренинг барысында сөз болды

Семинарға өнертапқыштар, инновациялық бағыттағы кәсіпорындардың, ҒЗИ, ЖОО, Инвестициялар және даму министрлігінің бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ өкілі, тренер-коучер Ринат Қабылбеков семинар қатысушыларын инновация түрлерімен және оларды қолдауға бағытталған құралдармен таныстырып, инновациялық грант түрлерін, өтінімдерді қарау рәсімін баян етіп берді.

Семинарда өтінімдерді толтыру барысында жиі кездесетін қателіктерге, сондай-ақ әлемдік кеңес беру және жобалар бойынша келіп түскен өтінімдерді қарау тәжірибесіне негізделген тәжірибелік кеңестер беруге екпін берілді.

Сарапшылар жиі кездесетін қателіктерге таныстырылымдардың ұзақтығын, технологиялық терминдердің көптігін, нарық сұранысын талдаудың жоқтығын, сондай-ақ нарықтың сол саласында бәсекелестіктің жоқтығы туралы дәлелдердің болмауын жатқызып отыр. Инноваторлар дайын болуы тиіс басты сұрақ: «Сіз қалай ақша табуды жоспарлап отырсыз?»

Өз кезегінде семинарға қатысушылар, тренер-коучер айтып өткендей, 16 бағыт кіретін әрі барлық саланы қамтитын инновациялық басымдықтарға қызығушылық танытқан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер