astana-view

Автоөнеркәсіп саласы алда келеді

2016 жылғы 29 Шілде
11563 просмотров

Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша отандық автоөндірістің Қазақстан экономикасына қосқан үлесі 23 млрд теңгеден асып түсті

Отандық автоөнеркәсіп кәсіпорындары елдің жалпы ішкі өнімі құрылымында айтарлықтай үлеске ие болып отыр. Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша отандық автоөндірістің Қазақстан экономикасына қосқан үлесі 23,1 млрд теңге болған (автокөлік құралдары өндірісі, трейлерлер мен жартылай тіркемелер), деп хабарлайды ҚР Инвестиция және даму жөніндегі министрлік. Бұл көрсеткіш қайта өңдеу өнеркәсібіндегі басты делінген бірқатар салалар көрсеткішінен асып түскен.

«ЖІӨ-ге қосылған үлес бойынша автокөлік өнеркәсібі жеңіл өнеркәсіп  (34,7 млрд тг.), қағаз өнеркәсібі (20,3 млрд тг.), фармацевтикалық өнімдер (18,7 млрд тг), мата өнеркәсібі (18,3 млрд тг), электроника өндірісінен (17,2 млрд тг.) асып түсіп, жиһаз (12,2 млрд тг.) және ағаш өңдеу өнеркәсібі (10,6 млрд тг.) секілді салалар көрсеткіштерінен үш есеге дейін артық болды», – дейді ведомствоның ресми өкілі ҚайсарЖұмабайұлы.

Оның айтуынша, отандық автозауыттардың таяудағы жоспарлары бойынша сала биылғы жылдың екінші жартысында қалпына келеді. Бұл тұстағы басты рөл мемлекеттің қолдауы болып отыр.

Министрліктің хабарлауынша, отандық автоөнеркәсібі индустрияландырудың екінші бесжылдығындағы басымдық берілген бағыттар қатарына еніп отыр. Мәселен, индустрияландырудың бірінші кезеңінде автоөнеркәсіп өсім деңгейі бойынша №1 сала ретінде алға шықты – елдегі автомобиль өндірісі 4,8 есеге дейін артқан. «Бағдарламаның 2019 жылға қарай кәсіпорындар алдына қойған міндеттері қатарында жергілікті өндіріс деңгейін 50%-ға дейін арттыру, автоқұзырлы орталық құру, жұмыс орындарын 3,5 есеге дейін арттыру және экспорттық нарыққа шығу бар», – дейді Қ.Жұмабайұлы.

Бұл тұста ведомствода «АЗИЯ АВТО Қазақстан» қуаттылығы отандық машина жасау тарихындағы ірі өндіріске айналады деп сенеді. «Шығарылатын өнім құны құрылымындағы қазақстандық құрам үлесі 50%-дан асатын болады. Пайдаланылатын автокомпоненттердің 90%-ы Қазақстанда және ЕАЭО-қа мүше мемлекеттерде жасалған», – дейді ИДМ ресми өкілі.

«АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚ жобасы 2015-2019 жылдарға арналған ҚР Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына, ҚР Индустрияландыру картасына және бірқатар басқа да мемлекеттік бағдарламаларға  енгізілген.

Мемлекеттік бюджетке түсетін жыл сайынғы түсімдер 30 млрд теңгеге тең. Автомобиль өндірісіндегі қуаттылықтардың қосымша құн бойынша күтілетін өнімділік деңгейі $150-ға жетеді. Бұл бір жұмысшыға шақталған деңгей (ҚР машина жасау бойынша $24 аспайтын қолданыстағы орташа деңгей). Болашақ өндірістік кешен өнімдерін өткізудің басты нарықтары Қазақстан ғана емес, сонымен бірге, Ресей Федерациясының Қиыр Шығыс, Орал, Сібір федералдық округтары болмақ. 2015-2016 жылдар ішінде жоба инвесторлары Ресейдің 12 қаласындағы 16 автоорталықтан тұратын желіні құрған. Салынып жатқан кәсіпорынның мақсатты нарықтары қатарында Орталық Азия елдері (Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия) мен Кавказ елдері бар.

Сонымен бірге, министрліктің хабарлауынша, бүгінгі күні 6757 мыңнан астам қазақстандық жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасы бойынша қолжетімді автомобильдер сатып алған. Еске салсақ, номиналды мөлшерлемесі 4% болатын несиемен елде құрастырылған 62 автомобиль моделінің бірін таңдай алады. Жеңілдікпен автонесиелеудің мемлекеттік бағдарламасы 2015 жылғы сәуір айында басталған.

Қ.Жұмабайұлының айтуынша, бағдарлама, ең алдымен, қатардағы авто сатып алушыларға көмек болған. Сонымен бірге, ол теңгемен қаржыландырудың жетіспеушілігі туындаған кезеңде банктерді қажетті өтемпаздықпен қамтамасыз ете алды. Ең маңыздысы – бағдарлама Ұлттық қорға түсетін кепілдендірілген түсімнің түсуін қамтамасыз етті.

«Бағдарламаны қорландыру үшін бөлінген 26 млрд теңге банктерге тек қайтармалы негізде беріледі, оған белгіленген сыйақы мөлшерлемесі 4%. Былайша айтқанда, жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасы мемлекет, банк секторы және автоөндіріс кәсіпорындарының жұмыла көтерген тәжірибесінің табысты синергиясын айқындап отыр», – деді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер