astana-view

Бизнесте әйелдер де белсенді

2016 жылғы 03 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
7543 просмотров

58 солтүстікқазақстандық бизнесмен әйел 2016 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өз кәсіптерін ашып, ұлғайтты

Олар Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры желісі бойынша шағын несие алды.

Жалпы АШҚҚҚ ағымдағы жылы облыс бойынша 196 жобаға 471 млн теңге несие берді. Бұл соманың 167 миллионын кәсіпкер әйелдер алды. Олар бұл ақшаны мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын дамытуға, тігін цехы  мен картоп қоймасын кеңейтуге, дүкендер, қонақ үйлер  бизнесін және демалыс базасын ұйымдастыруға бағыттады. Бұл нысандарда 90 жаңа жұмыс орны құрылды және ашылмақшы. 

Палатаның аудандық филиалдарының сарапшылары жаңадан бастаған кәсіпкер әйелдерге бизнес-жоспар әзірлеуге, ЖК тіркеуге, электрондық цифрлық қолтаңба алуға, нысандарды заңдастыруға және қарыз алуға қажетті құжаттарды жинауға көмектесті.  Барлық әйелдер «Бизнес-кеңесші»  жобасы бойынша екікүндік «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» курсын оқыды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер