astana-view

Күріш өсірушілердің көкжиегі кеңейді

2016 жылғы 03 Тамыз
11645 просмотров

Ресейдің үздік күріш селекционері қызылордалық фермерлерге арнап семинар өткізді

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Агробіліктілік орталығының шақыртуымен ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, тәжірибелі агроном және Ресей ауыл шаруашылығы академиясының Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Виктор Ковалев отандық фермерлерге күріш дақылын зиянкестер мен аурудан қорғаудың тиімді тәсілдері және озық технологиялары туралы айтып берді.

«Уақтылы күрес жүргізуді қажет ететін зиянкестер бар. Агротехникалық, химиялық тәсілдер бар. Оларды дұрыс қолданса, суды үнемдеуге де болады, күріштің бұл зиянкестерден қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де болады. Семинарда зиянкестердің, арам шөптердің  сипаттамасын  және олармен күрес тәсілдерін талқыладық», – деп атап көрсетті В.Ковалев palata.kz сайтына берген сұхбатында.

Оның сөздеріне қарағанда, күріштің зиянкестерімен және ауруларымен күрестің осы заманғы тәсілдері, бір өңдеумен барлық мәселені шешетін, кең өрісті жаңа препараттар пайда болуынан туындады. «Көбіне аурудың алдын алатын сақтық жұмыстарын жасап, зиянкестерді өршітпестен, арам шөптерді құртуға болады,  бұл – жоғары өнім алуға мүмкіндік беретін тұтас та тиімді жүйе», – деп қосты сарапшы. 

Виктор Ковалев Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу  институтында 43 жыл жұмыс істеп келеді, Ресейдің жетекші күріш селекционері болып табылады.  Сындарға төзімді, өнімділігі жоғары, интенсивті технологиялар бойынша өңдеуге жарамды күріштің сұрыптарын жасау оның зерттеулерінің басты бағыты болып табылады. Ол  50 параметрді  қамтитын, өңдеудің интенсивті технологиясына арналған сұрыптың морфофизиологиялық үлгісін әзірлеген және дәйектеген. Ресей Федерациясында қолдануға жіберілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде күріштің 51 сұрпы  бар, олардың 33-і Кубан селекциясы, ал олардың 10 сұрпының авторы – Виктор Ковалев.  Соңғы 5 жылда Ковалев сұрпының өнімділігін арттыру есебінен 3,5 млрд рубль сомасына қосымша 230 мың тонна күріш алынды.   Виктор Ковалев – 100-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы, күріш сұрпына арналған 27 патент және 30 авторлық куәлігі бар.

Еске салар болсақ, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына АӨК саласында білім таратудың тиімді жүйесін құру жөніндегі мемлекеттік  тапсырма жүктелген. Осыған байланысты ҰКП жанынан Агробіліктілік орталығы құрылды, агрокәсіпкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, фермерлердің озық технологияларды іс жүзінде қолдану дағдыларын оқытуға бағытталған оқу бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлеу оның негізгі қызметі болып табылады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер