astana-view

Тондарды чипсіз әкелуге тыйым салынады

2016 жылғы 05 Тамыз
11815 просмотров

Биылғы жылдың 12 тамызынан бастап ЕАЭО аумағында 2015-2016 жылдарға арналған аңның терісінен жасалған бұйымдарды таңбалау туралы пилоттық жобаны жүзеге асыру туралы Келісім күшіне енбек

Бұл құжатқа сәйкес қаракүзен, сазқұндыз, ақтүлкі немесе қоян, жанат және қой терісінен жасалған сырт киімдер міндетті түрде таңбалануы тиіс.

Ұлттық палата отандық кәсіпкерлер назарын аударуға шақырып отырған бір жайт: Келісімнің күшіне енген күніне бастап бақылау белгілері жоқ аң терісінен тігілген бұйымдарды Одаққа мүше мемлекеттер аумағында сатып алуға, сақтауға, пайдалануға, тасымалдауға және сатуға тыйым салынады. (Бақылау белгісі – тауарларды маркалауға арналған жасанды өнімдерден сақтау элементтері мен кіріктірілген радиожиілікті RFID-белгісі бар қатаң есептілік бланкісі).

Осылайша, осы жылдың 12 тамызынан бастап, Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы сауда айналымында аң терісінен тігілген өнімдерге бақылау белгілері салынады.

Алайда тондарға бақылау белгісін орналастыру маркалаудың ақпараттық жүйесіне мәліметтер тізімін енгізбей мүмкін болмайды. 

Бүгінгі күні мұндай жүйелер тек Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясында ғана қабылданған ұлттық нормативті-құқықтық актілер негізінде әрекет етуде.

Қазақстан Республикасында қажетті актілерді қабылдау мен ақпараттық жүйе құру жөнінде жұмыстар басталып кетті және жақын арада аяқталуы тиіс.

Бұл тұста, Келісімнің күшіне ену, тиісті инфрақұрылымның дайындығы мен жобаны жүзеге асырудың нормативті-құқықтық базалары мерзімдерінің сәйкес келмеуі отандық кәсіпкерлерді аң терісінен тігілген бұйымдарды өндіру, әкелу және оны айналымға шығару кезінде тәуекелдерге баруға мәжбүрлеп отыр. 

Биылғы жылғы 12 тамыздан бастап мемлекеттік органдардың маркалануы тиіс тауарларға кедендік тазарту, тауарлардың бухгалтерлік есепте дайын өнім ретінде көрініс табуы, сонымен бірге тауарларды сату кезінде ондағы бақылау белгілерінің бар-жоғын тексеруге заңды құқықтары бар.

Осыған байланысты, «Атамекен»  ҚР ҰКП ресми түрде Мемлекеттік кірістер комитетінен аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына ҚР-да үлбірден жасалған бұйымдардың айналымына Келісім нормаларын  қажетті ұлттық актілерды қабылдамайынша және ақпараттық жүйелерді іске қоспайынша қолданбау туралы түсіндірмелер жолдауды сұрады.

Жүргізілген жұмыстар қорытындысы бойынша, барлық ақпарат Ұлттық палатаның ресми сайты - www.palata.kz-те жарияланатын болады.

Бүгінгі күні ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаменті Келісім нормалары бойынша түсіндіру, ақпараттандыру және кәсіпкерлерді жобаны жүзеге асыруға дайындау жөніндегі жұмыстар жүргізуде. Барлық қосымша мәселелер жөнінде Департаментке мына телефондар арқылы байланысуды  сұраймыз: 8 7172 91 93 73.       


Еншілес ұйымдар

Серіктестер