astana-view

Прокуратура қорғауында

2016 жылғы 05 Тамыз
- Жетісу облысы
9574 просмотров

Алакөл ауданында филиал ашылғалы бері прокуратура кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау желісі бойынша негізгі әріптесіне айналды

Бұл туралы Кәсіпкерлердің аудандық кеңесінің ережесін таныстыруға арналған кездесу-жиында филиал директоры Мұхтар Әдіков айтты. Мәселен, оның айтуынша, ауданда бизнесмендердің өтініштеріне жедел жауап беретін шұғыл топ құрылған.

«Аудандық прокуратураның Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалымен өзара белсенді әрекет етуін атап өткім келеді. Кәсіпкердің әрбір өтінішін біз назардан тыс қалдырмаймыз. Кәсіпкерлер палаталары мен прокуратура органдарының жіті ықпалдастығы маусым айында өткен Бас прокуратураның кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға арналған форумында да аталып өтті», - деді Алакөл ауданының прокуроры Дастан Тұрсынов.

Естеріңізке сала кетсек, осы жылдың ақпан айында аудан прокуратурасы бизнес субьектісінің мүддесін қорғап қалған болатын. Тексеру барысында Алакөл ауданы қаржы бөлімі тарапынан заң бұзу дерегі анықталды. Шартты дұрыс құрамау салдарынан кәсіпкер ай сайын орынды жалға алу сомасын қымбат бағамен төлеп келген. Қадағалау актісінен кейін шарт заң талабына сәйкестендірілді.

Сондай-ақ, бизнесмендердің пікірлері мен ұсыныстары да тыңдалды. Мәселен, «Аман» шаруа қожалығының басшысы Арынтай Тұраров Кәсіпкерлер палатасының несиелендірудің орындалмайтын шарттарына ерекше назар аудару  қажет екендігін атап өтті.

«Қаржының жоқтығы мен қолжетімсіздігі бірнеше жылға созылып бара жатқан басты мәселе болып қалуда. Сіздердің арқаларыңызда рұқсаттама құжаттары мен рәсімдерінің қысқарғаны  жақсы болды. Алайда, қазір бизнес үшін тиімді шартпен шаруалардың несиелер мен гранттарға қол жеткізуін ойластыру қажет, өйткені екінші деңгейлі банктердің қазіргі талаптарын орындау мүмкін емес. Несиені мақұлдаған күннің өзінде қаражат өте кеш аударылады, ол кезде бізге ол қаражат керек болмай қалады», - деп шаруалар наразылықтарын білдірді. Сондай-ақ, ол несиелердің қандай да бір саланың, бағыттарының ерекшеліктерін ескере отырып берілуі тиіс екендігін де тілге тиек етті.

ӨКП директоры Ләззат Шыңғысбаева мәселені шешу үшін, Палатаның әкімдікке өзінің шағын қаржылық ұйымын құруды ұсынғандығын атап өтті. Аталған ұсынысты өңір басшылығы қызу талқылауда, жақын арада Алматы облысында біріккен тиісті ұйым пайда болуы мүмкін.

Іссапар барысында ӨКП директоры Үшарал қаласындағы «Көркем» мектепке дейінгі мекемесімен танысты. Балабақша мемлекеттік-жеке әріптестік бағдарламасы бойынша құрылған болатын.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер