astana-view

Үздік тауарды өзіңіз таңдаңыз!

2016 жылғы 08 Тамыз
- Қостанай облысы
8365 просмотров

10 тамызда Қостанайда «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының өңірлік кезеңі өтеді

Биыл беделді байқау жəрмеңке сипатында өтпек. Бұл кез келген адам өңірде шығарылатын өніммен танысып қана қоймайды, оны өндірушілер бағасымен ала алады деген сөз. Жəрмеңкеге келушілерге ұсынылатын тауар түрлері де саналуан болмақ. Себебі, байқауға қатысуға 20 кəсіпкерлік субъектісі өтінім берген. Олар: шұжық, кондитер жəне сүт өнімдерін шығаратын фирмалар, сусындар мен ауыз су, тауық жұмыртқалары, сұйық май, косметикалық заттар мен өзге де өнім өндірушілер.

Жеңімпаздарды байқау комиссиясы анықтайтын болады, үздіктер есімі  ҚР Конституциясы күні қарсаңында жарияланатын болады.

Бас жүлде иелері жыл соңында өтетін республикалық байқауда облыс намысын қорғайды. Биыл ұйымдастырушылар көрермендер көзайымы сыйлығын да тағайындап отыр, енді кез келген адам үздік тауарды таңдауға атсалыса алады.

Өңірлік көрме-байқауы Қостанайдағы сити-орталықта өтпек, басталуы 10:00-де.

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына қатысушылар тізімі (Қостанай облысы)


Еншілес ұйымдар

Серіктестер