astana-view

Виртуалды қоймаға қош келдіңіздер!

2016 жылғы 10 Тамыз
7856 просмотров

Қазақстандық салық төлеушілер енді қаражаттарын жаңа онлайн-қызметтің көмегімен ғаламтор қойнауында сақтай алады 

Таяу болашақта кедендік аумақ ішінде тауарларды тасымалдау процедуралары жеңілдемек. «Кедендік аумақ ішінде тауарларды  процедураларын жеңілдету үшін «Электронды шот-фактура» (ЭШФ) ақпараттық жүйесі «Виртуалды қойма» үлгісін қолдану жоспарланып отыр. Бұған Виртуалды қоймадағы кіріс көлеміне сәйкес, «ЭШФ» ақпараттық жүйесіндегі электронды шот-фактураларды рәсімдеу процедурасы сеп болмақ», – деп хабарлады ОКҚ брифингінде ҚР Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин.

Комитет басшысы аталмыш іс-шаралар ЕАЭО елдерімен және өзге де елдермен бірлескен сауда жасау кезінде электронды шот-фактура жасауға, оның ішінде, нақты уақыт тәртібінде ЕАЭО елдерінің кедендік органдарына табысталған шот-фактуралар туралы мәліметтер беруге жол ашатынына тоқталды.

Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы заңға сәйкес, шот-фактуралардың міндетті электрондық түріне кезең-кезеңмен өту жоспарланған. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, электронды бухгалтерлік құжат айналымына өкілетті экономикалық операторлар өткен болатын. 2016 жылғы 1 шілдеден бастап кедендік өкілдер, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймалары мен кедендік қоймалар қожайындары өткен. Ал, 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін электронды шот-фактуралар әрбір ҚҚС төлеушілерге міндетті болады деп жоспарлануда. 

Дәулет Ерғожиннің ақпаратына сенсек, 2016 жылдың 1 маусымына дейінгі аралықта Қазақстанда «Электронды шот-фактура» ақпараттық жүйесіне 28,5 мың адам тіркеліп, 4,7 млн шот-фактура берілген. Ал, айналымдағы қаражат құны 1,2 трлн теңгені құраған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер