astana-view

Дауды шешудің балама амалы

2016 жылғы 11 Тамыз
- Маңғыстау облысы
15682 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы алаңында «Даулар мен келіспеушіліктерді шешуге арналған медиациялық тәртіп және медиатор құралдары» атты семинар-тренинг өтті

Кәсіби медиатор, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ басшысы, «Қазақстан Республикасы медиаторлар қауымдастығы» ЗБТ төрағасы Жанділдә Жақыпов кәсіпкерлерге «медиация» ұғымын түсіндіріп, медиатордың қызметі мен оның шиеленісті шешудегі рөлі, дау-дамайларды шеше білудің артықшылықтары мен үлгілері, қақтығысқа түсуші тараптар арасында медиация рәсімдерін жүргізудің техникалары мен құралдары туралы әңгімеледі.  

«Медиациялық шешімдер тараптардың мүддесі, мұқтаждығы заңға сәйкестігі есепке алына отырып қабылданады, сондықтан мұндай шешімдер өміршең, жасампаз болып келеді. Медиация екі тарапты бірдей қанағаттандыратын ортақ шешімнің табылуын тездетіп, барлық тараптың тәуекелі мен шығынын азайтады», – деп атап өтті Ж.Жақыпов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер