astana-view

Кәсіпкерлерді қымыз табыстырды

2016 жылғы 11 Тамыз
- Ақмола облысы
10928 просмотров

Атбасардағы Палата филиалының араласуымен жергілікті кәсіпкер өз өнімін өткізетін нарық тапты

«Владимир Даль айтқан екен: «Қымыз ішіп үйреніп қалғаннан кейін, оны барлық жерде аңсап тұрасың. Ол салқындатады, бір мезетте шөліңді де, қарныңның да ашқанын басады. Қымызды ішкен бір аптада бойыңа күш дарып, өзіңді сергек сезінесің, денсаулығың жақсарады, оңай тыныстап, бетіңе қан жүгіріп, шырайлана түсесің». Мүмкін, сондықтан біздің отбасымыз осы өндірісті дамытамыз деп шешкен болар», – деп, Атбасар ауданы Алексеевка ауылының тұрғыны Маржангүл Қойшыбай, өз бизнесі туралы тебіреніспен әңгімелейді.

Қиялы жүйрік әйелдің шаруашылығында үш биесі бар, күнделікті 15 литр қымызын сауып алып отыр. Қымыздан бөлек, сиыр сүтінен қатық, сары май, айран, құрт сынды өнімдер өндіреді.

Осы өнімдерімен Маржангүл туған-туыстарын, таныстарын, басқа да ауылдастарын қамтамасыз етеді. Алайда өз кәсібін дамыту үшін, оны кеңейту керектігін ойлайды. Сөйтіп ҰКП филиалына жүгініп, мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы құралдары туралы керекті кеңес алады. Қазір кәсіпкер әйелді өнімді өткізу нарығын ойластыру қызықтырып отыр. 

Айтуынша, оның көзқарасының жаңа сатыға көтерілуіне Палата қызметкерлерінің көмегі зор. Сарапшылар басқа да кәсіпкерлермен іскерлік кездесулер ұйымдастырды. Соның бірі – Күлжамал Жүсіпова. Біз бұл кәсіпкер әйел туралы бұрындары да айтқан болатынбыз. Ол «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры мамандарының ықпалымен Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры арқылы 2 млн несие алып, сүт асханасын ашқан болатын.

Екі тарап арасында келіссөздер сәтті жүргізілді. Кәсіпкер әйел екі жаққа да тиімділікті ескеріп, бірге жұмыс істеуге келісті. Сүт асханасында өнім саны көбейеді, демек келушілер саны да артады деген сөз. Ал қымыз өндіруші Маржангүл, ауыл тұрғындарын ғана емес, Атбасар қаласын, бүкіл ауданды қолдан шыққан, экологиялық таза, пайдалы өніммен қамтамасыз ететін жаңа нарық тапты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер