astana-view

Көкөніс күтімі мен мал бағу сыры

2016 жылғы 15 Тамыз
- Жетісу облысы
10947 просмотров

Еңбекшіқазақ ауданында Агробіліктілік орталығының семинарлары өтуде

15-17 тамыз аралығында «Айдарбаев» шаруа қожалығы базасында өсімдік өсірушілерге арналған оқу курстары өтпек. Қазақстандық сарапшылар көкөніс дақылдарын суды үнемдей отырып суару технологиялары туралы айтатын болады. Кəсіпкерлер суарудың жаңа технологиялары мен тамшылап, спринклерлі жəне топырақасты суару кезінде көп жіберілетін қателіктер туралы ақпаратқа қанығады деп күтілуде.

Сондай-ақ, 18 тамызда «Жергілікті қауымдастықтар қоры» қожалығында сарапшылар «Көкөніс дақылдарының жемісті сұрыптары мен оларды Алматы облысы жағдайында шпаллерде өсірудің тиімділігі» тақырыбында семинар өткізеді.

Сонымен бірге, облыс орталығында мал өсіруші кәсіпкерлерге де арналған семинарлар өтуде.

15-19 тамыз аралығында «Жетісу асыл тұқым» қожалығы базасында қазақстандық мамандар қойларды жасанды түрде ұрықтандыру, қозыларды алу және сақтау технологияларының және өнімділікті арттырудың сырларымен бөліспек. Осылайша, тәжірибелік дәрістерде қатысушылар инновацияны енгізудің тиімділігіне көз жеткізе алады.   

Семинарда Қадыржан Хамзин, Қайырлы Омашев, Нұрлан Ахметсалықов сынды тәжірибелі мамандар дәріс оқиды.

Ал, 16 тамыздан бастап, «Хильниченко» шаруа қожалығында тамыздың 19-на дейін жалғасатын қызылша өсіруші шаруаларға арналған шеберлік-сыныбы өтпек.

600-700 ц/га қызылшаны қалай алуға болады? Жаңа технологияларды енгізу қажет пе? Бастысы сапа ма, әлде мөлшер ме? Осы және өзге де сауалдарға кәсіпкерлер тәжірибелі маман Әбілқайыр Бексұлтановтың семинарынан біле алады. Қызылша өсіруші шаруа теория және тәжірибе жүзінде қант қызылшасын өсірудегі жаңашылдықтармен таныстырады.

Өткізілетін семинарлар жайлы басқа да ақпаратты сіздер келесі телефон нөмірлері арқылы біле аласыздар: 8 (72775) 7 91 27, 8 (7282) 401 499.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер