astana-view

Бизнес әріптестіктің көкжиегі кеңеюде

2014 жылғы 13 Наурыз
3289 просмотров

Қазақстан – Қырғызстан бизнес әріптестігі нығаюда, 24kz.

Бішкекте екі елдің кәсіпкерлері кездесті. Іскер адамдар шығарылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтер жайлы пікір алмасты. Экспорттық әлеуетті күшейту үшін екі елдің бизнес құрылымдарының ұсыныстары аз емес. Қазақстан мен Қырғызстан кәсіпкерлері делдалсыз жұмыс істеуге ниетті. Бішкекте өткен кездесуде 60-тан астам қырғыз компаниясының топ-менеджерлері қазақ әріптестеріне тігін бұйымдары мен азық-түлік өндірісі бойынша соңғы жұмыстарымен таныстырды. Жергілікті тауар өндірушілердің айтуынша, басты жетістігі – өнімдердің экологиялық нормаларға сәйкестігі мен біршама арзандығы. Ал қазақстандық кәсіпкерлерді мұндай сапа қанағаттандырады. Оның үстіне тапсырыстарды жеткізушілерді туристік кластерді дамыту үшін де табуға болады.

Күдер Қаһарман, кәсіпкер:

- Қырғызстанда туризм жақсы дамыған. Сондай-ақ Қазақстанда киіз үй бизнесі жақсарып келеді. Сондықтан тәжірибе жинап, кейбір дүниелерді қырғыз әріптестермен бірігіп жасауға болады. Мәселен, киіз үй конструкциялары. Қытайға қарағанда мұнда бағасы арзанырақ және табиғи жүн пайдаланады.

Экономика министрлігінің мәліметінше, 2012 жылы Қазақстан мен Қырғызстан арасындаға тауар айналым 1 млрд. АҚШ долларын құрады. Бірақ былтыр бұл көрсеткіш 12 пайызға төмендеген. Екі ел іскер топ өкілдерінің пікірінше, бірлескен бизнестің әлеуетін күшейту керек.

Лариса Попкова, кәсіпкер:

- Біз Қазақстанмен жақсы қарым-қатынастамыз. Олармен 15 жыл бойы жұмыс жасап келеміз. Бізге Қарағанды, Петропавл, Ақтөбе, Павлодардан кәсіпкерлер келді. Менің ойымша, олармен диалог оранатып, ынтымақтастықты нығайтуымыз қажет.

Қырғыз кәсіпкерлері өз бизнесінің стратегиясы жайлы да бөлісті. Өйткені олар ет, сүт өнімдерінің 90 пайызын, көкөністің 56 және киім-кешектің 52 пайызын Қазақстанға экспорттап отыр. Форумнан кейін бұл көрсеткіш еселене түсетіндігіне сенеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер