astana-view

Тез арада шешімін тапты

2016 жылғы 15 Тамыз
- Ақмола облысы
6482 просмотров

Өңірлік Палата заңгерлері тағы бір кәсіпкердің өтінішіне жедел жауап қатып, аз уақыт ішінде мәселесін шешіп берді

«Dahua Tehnologi.kzt» ЖШС директорының өтініші Ұлттық палатаға жолданған. Кейіннен ол тиесілі аумаққа, яғни Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жіберіледі.

Компания Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Көкшетау су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен бейнебақылау жүйелерін орнату туралы келісімшартқа отырған. Кәсіпорын өз тарапынан барлық қажетті талаптарды орындайды. Оны екі тарап қол қойған орындалған жұмыс актісі растап отыр. Алайда, көрсеткен қызметтер үшін миллионнан асқан төлемді қалалық сумен қамтамасыз ету ұйымы уақытында төлемеген. Ұйым өкілінің айтуынша, оның себебі, кәсіпорынның шоттарына тыйым салынып, жабылып қалыпты-мыс.

ӨКП заңгерлері бұл істі сотқа дейін шешу мақсатында «Көкшетау су арнасына» жазбаша хабарлама жібереді. Ол жерде, берешек компанияның шарттық міндеттемелерді орындаудан бас тартуы түрлі шаралар қолдануға, құқық қорғау органдарына шағымдануға дейін апаратынын ескертеді.

Заңгерлер жазбаша ескертпеден кейін "Көкшетау су арнасымен" ауызша келіссөздер де жүргізген. Көп уақыт өтпестен күткен нәтиже де шығады. Бір күннің ішінде кәсіпорын барлық қарызын төлеген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер