astana-view

Заңды бірге жақсартайық!

2016 жылғы 17 Тамыз
7967 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бас прокуратура және «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, өз сайтында бизнеске кедергі болып отырған заң нормаларын анықтау жөніндегі жобаны іске қосты 

Сервис өз қызметін бүгіннен бастады. Ол кез-келген адамға кәсіпкерлік саласындағы заңдардың проблемалары мен әкімшілік кедергілер туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жедел түрде ақпарат беруге мүмкіндік береді. Ол үшін онлайн тәртіпте «Заңды бірге жетілдірейік!» формулярын толтырса болғаны.

Келіп түскен барлық ұсыныстарды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Бас прокуратура, «Нұр Отан» партиясы мамандары қарайтын болады. Егер заңды өзгерту турасындағы бастаманы көтерушілердің айғақтары дәлелді болса, тиісті нормативтік-құқықтық актілерді жасаушы мемлекеттік органдарға бұл туралы ақпарат  беріледі.

Заңнама талаптарына қайшы нормалар бойынша прокуратура тиісті прокурорлық ықпал ету шараларын қолданатын болады. Формулярды толтыру үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сайтының басты бетіндегі «Заңды бірге жақсартайық» ілгегін басу керек.

Барлық кәсіпкерлерді осы бастамаға қолдау көрсетіп, белсенді түрде заңды талқылауға атсалысуға шақырамыз. Сервис жұмысының нәтижелері Бас прокурордың төрағалығымен қыркүйек айында өтетін селекторлық жиында жарияланады деп жоспарлануда.

Заңға өзгерістер енгізу мәселелері бойынша келесі телефон нөміріне хабарласыңыздар: 8 (7172) 91 93 57.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер