astana-view

Стратегиялық нысанға газ беру тоқтамайды

2016 жылғы 17 Тамыз
- Шымкент қаласы
14517 просмотров

ОҚО байланыс топтары кәсіпкерлерді алаңдатқан мәселелерді тез әрі еш сөзбұйдасыз шешуге көмектеседі 

«Химфарм» АҚ «ҚазТрансАймақ» компаниясынан оның фармацевтикалық кәсіпорынға енді газ жеткізбейтіні туралы хабарлама алған. Бұған тексеріс барысында анықталған бұзушылықтар себеп болған: «Химфарм» АҚ газ компаниясымен жаңа қазандықтардың бірін орнатуды келісіп алмағаны анықталды. Сонымен бірге, фармацевтикалық кәсіпорынға 23 миллионға тең айыппұл салынған. Компаниямен арада жүргізілген келіссөздерден ешнәрсе шықпаған. Содан, фармацевтикалық компания басшылығы, ОҚО Кәсіпкерлер палатасына келіп жүгінген.

Палата проблеманы тікелей мемлекеттік органдармен және монополист-компаниялардың басшыларымен жұмыс жасайтын байланыс топтары арқылы шешуге ұйғарды. Палата сарапшысы Мәрлен Қалдаров «ҚазТрансГаз» АҚ Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалы директорының орынбасары Асқар Мәукеновпен телефон арқылы байланысқа шығып көрген. Келіссөздер барысында қазанды орнатуға қатысты туындаған келіспеушілік оны орнату үшін «Химфарм» жалдаған басқа бір фирманың кесірінен болғаны туралы уәж келтірілген. Оны шешу үшін де бірақ уақыт кереу екен. Сонымен бірге, «Химфарм» АҚ – стратегиялық маңызы бар нысан және газды өшіріп тастаудың арты  өндірістің тоқтауы мен елдің дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінде бірқатар қиындықтар туындауы мүмкін екені де түсіндірілген. Нәтижесінде, газ беруді тоқтатпау және айыппұл сомасын 23 миллионнан 7,8 миллион теңгеге дейін азайту туралы шешім шығарылған.

Осылайша, кәсіпкер проблемасы санаулы минуттар ішінде шешіліп, фармкомпания өз қызметін жалғастыру мүмкіндігін алды.

Еске салсақ, кәсіпкерлер проблемаларын шешудің жаңа түрі – байланыс топтарын – ОҚО Кәсіпкерлер палатасы құрған болатын. Топтарды бизнес құқықтарының бұзылу деректеріне тез жауап қатып, оларға құзырлы органдар арасындағы ұзаққа созылатын хат жазу процедураларына уақыт жұмсамай-ақ тиімді көмек көрсету мақсатында құрып отыр.

Бүгінгі күні Палатада энергия және газбен қамту ұйымдарымен, мемлекеттік кірістер департаментімен, жер комитетімен, Шымкент қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімімен жұмыс жасайтын байланыс топтары бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер