astana-view

Кәсіпкер әйелдерді қолдау жайы қаралды

2016 жылғы 17 Тамыз
- Ақмола облысы
10291 просмотров

Іскер әйелдер кеңесі барысында оның мүшелері ағымдағы мәселелерді талқылап, бизнесті дамыту шарттарын ортаға салды

Жеке кәсіпкер Галина Ешмұхаметова өзінің «Royal Gate» компаниясы туралы айтып берді. Олар финдік гриль тауықтарын сатумен айналысады. Сапа, демалыс пен бос уақытты ұйымдастыру идеясынан бөлек, бизнесвуменнің пікірінше, жоба – бизнес-кездесулер мен келіссөздер жүргізу үшін тамаша орын. Ешмұхаметованың айтуынша, жоба бүгінде өнімді өткізуде қолдауға мұқтаж. Кездесудің мақсаты да сол, жиналғандарға қолдан келгенше көмек беру.

Ақмола облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Көкаршын Бексұлтанова Қырғызстан сапарынан алған әсерлерімен бөлісті. Ол жақта Кеңес басшысы Константин Довлатовтың тренинг-курстарына қатысып келген еді. Енді ІӘК төрайымы танымал коуч-тренер пайдаланатын жүйенің негізгі қағидаларын тәжірибе жүзінде қолданбақ. Ол қағидалардың негізінде рухани топтасу жатыр.

Кездесу барысында облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығының бастамасымен елдің жаһандық индекс бойынша бәсекеге қабілеттілігі мен АИТВ жұқпасының бизнеске әсері тақырыбына арналған семинар өтті. Орталықтың бөлім меңгерушісі Зоя Хван қатысушыларға өз жұмысының мақсаты мен міндеттері туралы, сондай-ақ заманауи медицинадағы маңызды мәселелердің бірі – АИТВ жұқпасының алдын алу қажеттігі туралы айты. Бұл мәселені шешудің бүкіл адамзат үшін маңызы зор, сондықтан қалың бұқараны ақпараттандыруды арттыру бойынша науқандар өткізу қажет.

Айта кетерлігі, Іскер әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестіктермен тығыз байланыста жұмыс істейді және мұндай шаралар жиі өткізіліп тұрады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер