astana-view

Несиелік бюро күні

2016 жылғы 18 Тамыз
9481 просмотров

Бірінші несиелік бюро Қазақстанның атынан «Халықаралық несиелік бюро күні» әлеуметтік акциясына қатысады

Несиелік бюро күні – 20-дан астам әлем елдерінің Creditinfo тобының несиелік бюросында өткізілетін кең ауқымды әлеуметтік акция. Бұл күні несиелік бюро шағын және орта бизнес үшін тегін корпоративтік-несиелік есептерді ұсынады. Биыл бұл шара 22 қыркүйекте өткізілмек.

Акция барлық кәсіпкерлердің назарын несиелік жүйе тарихының маңыздылығына, несиелік ұйымдар мен кәсіпкерлер арасындағы төлем тәртібін қалыптастыру және байланыс орнатуды реттеуге аударады.

Егер халықаралық Несиелік бюро күні акциясына қатысқыңыз келсе,  тіркеу формасын толтырып жіберіңіз.

Акцияға қатысушылардың назарына:

1. Акцияға кез-келген ҚР кәсіпкері қатыса алады. Жеке кәсіпкерлер де акцияға қатысуға тең құқылы.

2. Сіз бір ғана заңды тұлға үшін, бір ғана тіркеу формасын толыра аласыз.

3. Тіркеу деректері сенімді болу керек. Корпаративті несиелік есеп компанияның Электронды сандық қол қоюымен расталғаннан кейін жүргізіледі. Тіркеу деректерінде сенімді тұлғаның,  электронды сандық қол қою шығарылған, БСН және ЖСН номерлері көрсетілуі тиіс.

4. Есеп сұрау салған күні Бірінші несиелік бюро www.1cb.kz порталының Жеке кабинетінде 2016 жылдың 22 қыркүйегінен бастап 22 қазанына  дейін қалыптасады.

Егер халықаралық Несиелік бюро күні акциясына қатысушы атанғыңыз келсе, Бірінші несиелік бюроның  https://www.1cb.kz/icbd порталында тіркеу формасын толтыруларыңызды сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер