astana-view

Ләззат Шыңғысбаева: «Біз бизнесті шағын, орта немесе ірі деп бөліп-жармаймыз»

2016 жылғы 19 Тамыз
- Жетісу облысы
9303 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы өңірдегі үздік кәсіпорындарды мақтау қағаздарымен марапаттап, сыйлықтар тарту етті

Бүгін Талдықорғандағы Оқушылар сарайында «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының өңірлік кезеңі болып өтті. Кәсіпкерлер палатасы үшін бұл маңызды шаралардың бірі, сондықтан байқауды сапалы өткізуге айрықша назар аударылды.

Мысалы, шараны кәсіби жүргізушілер емес, Палата сарапшысы, адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Оңғарбаева мен Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы Баниямин Файзуллин жүргізді. «Палата сарапшылары ғана біздің кәсіпкерлерді салтанатты түрде таныстырып, олар туралы мінберден айтып бере алады. Себебі, олар кәсіпкерлермен күн сайын жұмыс жасап, байланыс орнатады. Сондықтан шараны Кәсіпкерлер палатасына және тұтастай бизнеске қатысы бар адамдар жүргізуі қажет деп шешілді. Біздің жүргізушілердің кез келген деңгейдегі және сипаттағы шараларды жүргізудегі тәжірибесі мол», – деді ӨКП директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Әсет Шаяхметов.

Беделді шараларға құрметті қонақтарды шақыру дәстүрі бар. Биыл құрметті қонақ ретінде «Aigul line» компаниясының басшысы, белгілі қазақстандық бизнесвумен Айгүл Жансерікова шақырылды. Кәсіпкер Қазақстанда киіз илеуді алғаш рет қолға алып отыр. Компания өнімдері қазақ халқының рухани мәдениеті мен ежелгі дәстүрлерін қайта жаңғыртып отыр, сонымен бірге, компания          халықаралық және ұлттық жәрмеңкелерде, қолөнер көрмелерінде  (Германия, Франция, Испания, Австрия, Ұлыбритания, АҚШ, Ресей) Қазақстанның намысын қорғауда. Тұрғындар мен көрме қонақтарын  түзету мекемелерінде жазасын өтеп жүрген жеке тұлғалардың тауарлары қатты таңқалдырды. Белсенді қатысып, қолдау білдіргені үшін Алматы облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаменті Кәсіпкерлер палатасының Алғыс хатымен марапатталды.

«Біз бизнесті шағын, орта немесе ірі деп бөлмейміз. Біздің сіздерге деген көзқарасымыз да айрықша. Сондықтан кез-келген шарада немесе тіпті кеңседегі кеңес беру кезінде де сіздер үшін ерекше жағдайлар жасауға тырысамыз. Қазақстанның болашағы, мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы бизнестің арқасында мүмкін болмақ. Сол себептен, біздің болашағымыз сіздерге жасалған жағдайлардың қандай болмағына байланысты», – деп қорытындылады Палата директоры Ләззат Шыңқысбаева.

Еске салсақ, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы 2006 жылы бекітілген. Былтырдан бастап байқауды ұйымдастыру тізгіні «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берілген. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер