astana-view

Кінәлілер қайда қалды?

2016 жылғы 24 Тамыз
- Ақмола облысы
6317 просмотров

Степногорск қаласы құрылыс бөлімінің ақмолалық кәсіпорындардың бірі – «Инсект» ЖШС-ға қарызды төлемеуіне қатысты іс соңына таяп қалған сыңайлы

Естеріңізге сала кетсек, кәсіпорын моноқаланың сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін қайта қалпына келтіру туралы мемлекеттік органмен шарт жасасқан. Тараптар атқарылған жұмыстарды қабылдаудың барлық актілеріне қол қойған, алайда кейінірек құрылыс бөлімі компанияның үстінен сотқа шағымданады.

Жағдайды қазбаламай-ақ, мына жайтқа тоқталсақ, 2015 жылдың маусым айында сот орындаушылары Степногорск аймақтық бөлімі құрылыс бөліміне олардан «Инсект» ЖШС-ның пайдасына 23 млн теңге өндіру туралы қағаз жіберген. Мемлекеттік орган сот шешімін орындауға асықпады, осыған байланысты Палата сарапшылары бұл мәселені Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің отырысында көтерді. Кеңес келесідей үкім шығарды: Степногорск қаласы құрылыс бөлімі қарызды өтейді, ал әділет департаменті осы өтініш бойынша өндірістің орындалу барысын бақылауға алады.

Одан бөлек, Ақмола облысының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментіне, жүктелген міндеттің орындалмауына жол берген кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты шаралар қолдануға кеңес берілді.

Одан кейінгі хат жазысулар нәтижесінде мемлекеттік қызметтер департаментінің Палатаның сауалына берген жауабында кінәлі тұлғаларға қатысты шараларды осы іске қатысты ҚР Жоғарғы сотының соңғы шешімі шыққан соң қабылдайтындықтары көрсетілген. Дегенмен, жоғары сот инстанциясы бұрынырақ, дәлірек айтсақ, 1 тамыз күні Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының кәсіпкердің пайдасына шығарған шешімін қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарып қойған болатын.

Сол аралықта Ақмола облысының әкімдігі Степногорск қаласының әкімдігі «Инсект» компаниясына кепілдік хаты бойынша міндеттелген соманы осы жылдан кешіктірмей төлейтіндігін ресми жариялады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер