astana-view

Кооперация – шаруаны өркендетті

2016 жылғы 31 Тамыз
- Павлодар облысы
12072 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көрсеткен көмектің арқасында Павлодардағы шаруа қожалығының жұмысы алға басты

«Нива» шаруа қожалығының жас басшысы Дәурен Бәкішевтің алдындағы негізгі міндеттер егін егу саласында жоғарғы нәтижелерге қол жеткізу, дәнді-дақылдар өсіру процесіне жаңа технологиялар енгізу, сондай-ақ, егін алқаптары көлемін ұлғайту болып тұр. Бірақ қазіргі күрделі экономикалық жағдайда бұл мақсаттарға жалғыз иек арту қиын екені аян. Сол себепті кәсіпкер кооперацияға бірігуді қолға алған.  «Біздің шаруа қожалығы «Ертіс Агро» өндірістік кооперативі құрамына еніп, ісіміз алға басты. Осылайша қаржы мәселесін шештік. Біздің жердің көлемі – 3 мың га. Дәнді-дақылдар өсіреміз, ауа райы жаздық бидай, сұлы, арпа және тағы басқа дақылдарды өсіруге өте қолайлы», – дейді  шаруа қожалығының жетекшісі.

Дәурен Бәкішев жәрдем алу үшін Кәсіпкерлер палатасының Ертіс ауданы филиалына жүгінген. Онда оған бухгалтерлік есепті қалпына келтіруге көмектесіп, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар, оның ішінде, субсидиялар алу тетіктері туралы түсіндіріп берген. Қазіргі таңда, Палата сарапшылары жаңа ауылшаруашылық техникасына қажет субсидия алу үшін керек құжаттарды жинауға атсалысуда.   

«Нива» ШҚ 1996 жылы құрылған. Ол уақытта қожалық иелігінде небәрі  1300 га жер және ескі техника болған. Бүгінгі таңда шаруашылық жұмысы жолға қойылған. Еңбек өнімділігін жетілдіру мақсатында, шаруашылық лизингке заманауи техника, егу кешені бар трактор, бидайды жинау комбайндарын алған. Сонымен қатар, шаруашылық меншігінде «Камаз», «Газ» және «УАЗ» көліктері бар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорны 20-дан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда. Олардың арасында механизаторлар, комбайнерлер, жүргізушілер мен агрономдар бар. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына демеушілік жасау арқылы  шаруашылық ауыл өміріне де белсенді түрде қатысып келеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер