astana-view

Кәсіпкерлер тегін оқытылып жатыр

2016 жылғы 31 Тамыз
- Алматы қаласы
8039 просмотров

60-тан астам алматылық кәсіпкер Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы «Іскерлік байланыстар» білім беру жобасына қатысуда

Алматыда «Атамекен» ҚР Ұлттық палатасы компаниялардың топ-менеджментіне арналған «Іскерлік байланыстар» атты білім беру жобасын бастады. Бағдарлама Қазақ-Британ техникалық университетімен (ҚБТУ) бірлесе өткізіледі және оған Қазақстан мен шетелдің білікті тәлімгерлері мен кәсіпкерлері қатысатын болады. Оқыту бағдарламасына семинарлар мен тренингтер енген. 

2016 жылдың оқу бағдарламасында мынадай тақырыптар бар: «Тайм-менеджмент. Кәсіпкердің іскерлік күнін жоспарлау және оның құрылымы. Стресс-менеджмент»; «Тиімді таныстырылымдар. Өз компанияңды немесе өз өніміңді таныстыру»; «Қызметкерлерді басқару. Көшбасшылық қасиеттерді дамыту»; «Клиентке басым бағыт беру»; «Келіссөздер процесін жоспарлау және оның психологиясы»; «Сапаны басқару»; «Шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу»; «Бизнес-жоспарлау. Кәсіпорынның негізгі параметрлері»; «Техникалық-экономикалық негіздер»; «Халықаралық ынтымақтастықтың түйткілді мәселелері»; «Еуропалық Одақ пен Германия экономикасының негіздері»; «Шетелдік әріптестерді іздеу»; «Шетелдік компанияға қажет келісімшарт жобасы мен сауалдарды әзірлеу»; «Инновациялық менеджмент және өзгерістерді басқару»; «Халықаралық жобалық менеджмент»; «Бизнес-жоспарды таныстыру»; «Бизнес-жобаларды қаржылық қамтамасыз ету»; «Кәсіпкерліктегі құқықтық мәселелер» және «Жобаларды басқару және логистика».

Оқыту барысында қатысушылар өз кәсіпорнының  бизнес-жоспарын жасауға немесе кәсіби бизнес-тәлімгерлердің жетекшілігімен өз өнімдерінің бизнес-жоспарын жасауға мүмкіндік алады.  «Іскерлік байланыстар» бағдарламасына қатысу талаптарында еш өзгеріс жоқ. Бұрынғысынша кәсіпорын шағын немесе орта кәсіпкерлік деген атқа ие болуы шарт (қызметкерлер саны 250 адамнан аспауы тиіс және жылдық орта табыс көлемі 3 млн айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек); кәсіпорынның ағымдағы қызметі экономиканың басым бағыттағы секторларының тізіміне сай болуы тиіс; қатысушы қызметі басшы орынбасары немесе кәсіпорынның орта буынының жетекшісі болуы шарт; Бағдарламаға бір кәсіпорыннан бір ғана азамат қатысуы тиіс.

«Іскерлік қатынастар» жобасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып келеді. Жобаның мақсаты, экономиканың басым бағыттағы секторларында қызмет етіп келе жатқан  шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсету болып саналады. Аталған жобаға шетелдік серіктестермен іскерлік қатынас орнатуға мүдделі компаниялардың жоғары және орта санатының басшылары қатыса алады. Семинарлар аяқталған соң қатысушылар ҚБТУ мен «Атамекен» ҚР ҰКП атынан курсты аяқтағаны туралы сертификат алып, Германиядағы тегін тағылымдама бағдарламасы бойынша байқаудың 2-кезеңінің іріктеу сынына қатысуға мүмкіндік алады. Тағылымдама, өз кезегінде, кәсіпорын қызметіне ұқсас германиялық кәсіпорында тақырыптық бизнес-тур ұйымдастыруға бағытталған.  Жоба шетелдік серіктестермен технология трансферті және қондырғыларға қол жеткізу, лицензиялар мен франшизаларды алу, халықаралық және шетелдік гранттарды ұтып алу, бірлескен кәсіпорындарды құру мақсатын көздейді. Қатысушы тағылымдамадан өтетін елге барып-келуі мен жатын орнының ақысына шығындамайды. Осылайша, қатысушы шетелдің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарын аралап, одан алған тәжірибесін өз өндірісінде енгізуге мүмкіндік алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер