astana-view

Өзекті мәселелер өз шешімін табуда

2016 жылғы 01 Қыркүйек
- Павлодар облысы
10185 просмотров

Кәсіпкерлердің мәселелері бизнес-омбудсмен көмегіне жүгінудің арқасында оң шешімін тауып жатыр

Кәсіпкерлікті дамыту – бұл кез-келген мемлекет үшін экономиканың негізі болып есептеледі. Ыңғайлы бизнес-ортаны құрмайынша, мемлекеттің макроэкономикалық жағдайының тұрақтылығы туралы айту қиын. Бұл жерде айта кететіні, мемлекеттік бақылаудың оңтайлы жақтары шын мәнінде дұрыс көрсетілмей келеді. Бизнес-процестің тежеп тұрған, ең маңызды мәселеге  әкімшілік кедергілердің шамадан тыс көп болуы жатады. Кәсіпкерлердің өздері кәсіпкерлік қызметі барысында кездесетін мәселелерді баяндай отырып, бірінші кезекте жергілікті органдардың шешім шығаруды кешіктіретінін айтады. Сондай-ақ, экономикалық қатынасқа қатысушылардың бәріне теңдей қарамайтынына шағымданады.

Көп жағдайда кәсіпкерлердің құқықтары жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларында бұзылады. Ол туралы павлодарлық кәсіпкерлер Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілге баяндады және де осы мәселелердің шешімін табуға көмектесуін өтінді.

Қазіргі таңда бизнестің мәселесін қарау бойынша оң нәтижелер де жоқ емес. Мысалы, жергілікті тауар өндіруші «ОРТОПРОТ» ЖШС мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартқа отырды. Фирма заманауи материалдардан 40-тан астам түрлі протездік-ортопедиялық  өнім шығарады. Сондай-ақ  «INNOVATION CENTER PROJECT» құрылыс фирмасына байланысты, кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша, мемлекеттік органмен арадағы дау шешілді.

ҰКП Кәсіпкелердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді жою бөлімінің басшысы Лашын Баймағамбетованың айтуынша, бизнес-омбудсмен институтын енгізу идеясының өзі, жүйелі мәселелердің шешімі оң нәтижелі болатынына  кепілдік береді және де бизнес-қауымдастықтың мүддесін толық қорғауда өз уақытында қолға алынған қадам болып табылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер