astana-view

Жалған кәсіпкерлікпен күрес қалай жүргізілуі керек?

2016 жылғы 07 Қыркүйек
- Павлодар облысы
9777 просмотров

Бұл маңызды мәселе Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасында қаралды

Дөңгелек үстелде Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Дамир Альпиимов салық төлеуден  және кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру ниетінсіз заңды тұлғаларды құру жолымен бюджетке міндетті төлем жүргізуден жалтару экономикалық қылмыстың аса маңызды және кең тараған түрі екендігін айты. Аталған кәсіпорындар жалған немесе жоғалған құжаттармен, сондай-ақ қайтыс болған немесе өмірде жоқ тұлғалардың атына тіркеледі. Сонымен қатар, жойылған кәсіпорындардың  деректемелерін  пайдаланатындар да аз кездеспейді. Аталған қылмыс санатынан келетін шығын сомасы миллиардтаған теңгемен есептеледі.

Бір күндік фирмаларды шаруашылық саласында қасақана пайдалану, салық төлеуден жалтарудың кең тараған түрі болып табылады. Осындай жалған фирмалардың қатысуымен жүретін жүйенің мәні  шаруашылық байланыстарының тізбегін енгізуді қысқартады. Сондай-ақ салық төлеуші мен оған қарасты «бір күндік фирмалардың» келісіп істеген заңсыз әрекетінен заңсыз мақсат пайда болады. Аталған қылмысты жасағандарға қылмыстық жауапкершіліктің қарастырылуы маңызды жайт болып есептеледі.

Түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Галина Бюрикова дөңгелек үстелге  қатысушыларға ақша мен мүлікті заңдастыру акциясының аяқталу мерзімі жақындап қалғанын ескертті. Оның қазіргі нәтижесі оң өзгеріс көрсетіп жатыр. Мысалы, ашылған шоттардың саны көбейіп, сонымен қатар азаматтардың заңдастырған ақшалары мен мүліктерінің саны артып келеді. Одан бөлек, қатысушылардың назарына жалпыға бірдей салықтық декларациялау мен шетелдік қаржыландырудың бақылауы туралы ақпарат ұсынылды.

Кездесудің нәтижесін қорытындылай отырып, Палатаның Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді жою бөлімінің басшысы Лашын Баймағамбетова сот үкімдері жалған  кәсіпорындар мен олардың әріптестерімен арадағы қарым-қатынасына көп жағдайда баға бере алмайтынын айтты. Соған сәйкес, жалған кәсіпорындарға контрагенті болып табылатын барлық фирмаларға  бірдей шара қолдану әділетсіздікке жатады. Егер компания сот үкімімен жалған кәсіпорын болып танылса, онда ол мемлекетке келтірген залалын өзі өтеуі керек. Бөтен компаниялардың салығын адал еңбек етіп отырған кәсіпкерден өндіруге жол бермеген дұрыс. Соған орай, Лашын Баймағамбетова, адал кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Қылмыстық кодекстің «Жалған кәсіпкерлік» 215-бабының  күшін  жою керек екенін айтты. Оның орнына, Ресейді мысалға ала отырып, «Заңсыз заңды тұлға қалыптастыру және жалған адамның атынан заңсыз құжат пайдалану» туралы құрамдар енгізген абзал. Контрагенттердің жалған кәсіпкерлермен бірігіп жасаған әрекеттерін дербес құрам ретінде жіктеген жөн. Мысалы, салық төлеуден жалтару, банктік несие, тиісті тексерулер кезіндегі алаяқтық.

Дөңгелек үстел қызу пікірталаста өткенін айта кеткеніміз жөн. Кәсіпкерлердің жолдаған барлық сауалдарына жауап берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер