astana-view

Жас кәсіпкердің жасампаздығы

2016 жылғы 08 Қыркүйек
- Павлодар облысы
11341 просмотров

Павлодарлық кәсіпкер бірегей құрылыс материалын жасауды алдына міндет етуде

Тәжірибе көрсеткендей, көп жағдайда кәсіпкерлер бизнеспен пайда табу мақсатында ғана айналыспайды. Бұл, әсіресе, жастар құрған бизнеске қатысты. Оларды жалпы өмірде табысқа жету мақсаты алға жетелейді.

Бұның жарқын мысалы ретінде «Теңге К» ЖШС директоры Қаршыға Қаниевті атауға болады. Оның фирмасы алдыңғы бөлігі ауыр бетоннан жасалған полистиролбетон құрылыс блоктарын шығарумен айналысады. Павлодарлық жас кәсіпкер алдына ұзақ уақытқа шыдас беретін, төзімді, су өткізбейтін және экологиялық таза құрылыс материалын жасап шығару міндетін қойған. Бұл өңір нарығындағы жаңа құрылыс материалы екенін атап айту керек. Ол жеңіл және ауыр бетонды араластыру технологиясы арқылы жасалған.

Құрылыс бизнесі саласында жұмыс істеп жүріп, Қаршыға Қаниев өңірдегі құрылыс саласындағы климаттық жағдайларға қатысты кемшіліктермен бетпе-бет кездескен. Алайда, өз бизнес-идеясын дамыту үшін жас кәсіпкердің кәсіпкердің қаражаты болмаған. Бұл мәселенің шешімін табу үшін ол таныстарының жол көрсетуімен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіп жүгінген.

«Бизнес кеңесші» бағдарламасы бойынша алған білімі туралы айтқан жас кәсіпкер тренингтердің аса пайдалы әрі қызықты болғанын жеткізді. Бұл тренингтерден әр қатысушы өзі үшін қажетті ақпарат ала алды деп есептейді ол. «Кәсіпкерлер палатасына алғыс айтамын. Олар өз күшіңе сенуді үйретті. Оқытады, кеңес береді, бизнесті құрудың әрбір кезеңінде қолдау көрсетеді. Мен кез келген мәселе бойынша осында жүгінемін», – деді бизнесмен.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша гранттық қаржыландыруға ие болған бастаушы кәсіпкер жаңа өндірісті іске қосты. Қазір кәсіпкер өткізу нарығын ұлғайтып, өнімдер көлемін кеңейтуді жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер