astana-view

Әр қатысушыға – дайын бизнес-жоспар

2016 жылғы 13 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
34935 просмотров

Жамбыл облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының аясында өткізілген оқыту сабақтары аяқталды

Семинарлар Жамбыл облысының барлық аудандарында, сондай-ақ, Тараз қаласында өтті. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 29 тамыздан бастап 9 қыркүйекке дейінгі аралықта өткен семинардан 372 адам өрісін ұзартты. Олардың қатарында бизнесін қарқынды жүргізіп отырған кәсіпкерлер де, кәсібін енді ашсам деп жоспарлап отырған өңір тұрғындары да бар. Бес күннің ішінде семинарға қатысушыларға бизнестің негіздері туралы толық ақпарат берілді. Ең бастысы, әр қатысушы дайын бизнес-жоспардың иесі болып шықты.

Толық оқыту курсынан өткен қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Олар осы сертификаттардың көмегімен өз ісін дамыту мақсатында шағын несиелерге қол жеткізе алады. Сонымен бірге, әр қатысушыға сыйлық ретінде «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты анықтама үлестірілді.

«Мұндай оқыту жұмыстары бізде бірінші рет өткізіліп жатыр. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастырушыларына және облыстық Палатаға, сондай-ақ, біздің барлық жағдайымызды жасауға тырысқан тәлімгерлерімізге үлкен алғысымды білдіргім келеді, – деді қатысушылардың бірі, тараздық кәсіпкер Әуезхан Мұхамедрақымов. – Мен ірі қара мал өсірумен, қымыз, сүт өндірумен айналысамын. Өз кәсібімді әрі қарай дамытуға ниеттімін. Сол үшін осы жерде алған білімім маған міндетті түрде қажет болады».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер