astana-view

Мемлекеттік бағдарлама барлығын қамтыды

2016 жылғы 14 Қыркүйек
- Қарағанды облысы
12170 просмотров

Абай ауданының кәсіпкерлері «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2016 жылы 50 млн теңгеден астам қаражат алған

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» – бүгінгі таңда ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік қызметке арналған танымал әрі қолжетімді мемлекеттік бағдарламалардың бірі. Абай ауданының 20 кәсіпкері бағдарлама аясында өз жобаларын қаржыландырды. Тағы 20 жоба қаралу үстінде. 

«ЖҚЖК-2020» бағдарламасы бойынша қарыз алған кәсіпкерлердің бірі –Ләззат Жармағамбетова. Өзінің тігін тігу ісін кеңейту мақсатында бизнесвумен Кәсіпкерлерді қолдау орталығына жүгінеді. Сарапшылар оған тиісті бағдарламаны таңдап берген соң, кеңесшілер бизнес-жоспар құруға көмектескен. Ләззат арнайы тігін машиналарын сатып алып, киім жөндеу және тігу ательесін кеңейтуге бел буады. 1,5 млн теңге көлеміндегі қарыз ақша алған кәсіпкер қажетті жабдық сатып алып, 2 жұмыс орнын құрады. 

«Бизнестің жол картасы-2020» деп аталатын тағы бір бағдарлама арқылы 8 абайлық кәсіпкер өтініші берген. Бұл бағдарлама гранттық қаржыландыруды қарастырады. Барлық жобалар Палатаның жергілікті филиалы тарапынан қолдау тапқан. Бір-екі күн ішінде Өңірлік үйлестіру комиссиясының нәтижелері шығып, мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алатындар белгілі болады.

Гранттық қаржыландырудың қатысушыларының бірі – саңырауқұлақ өсіру жөніндегі жоба авторы кәсіпкер Әлия Жұматаева. Әлия жұмысына кірісіп те кеткен, ол Топардан жылыжайды жалға алған. Бизнес-ханым айына 9 тонна саңырауқұлақ жинауды көздеп отыр. Қазір кәсіпкер қорап пен заттаңба дизайнын жасап жатыр. Ол облыстағы ірі сауда желілерімен келісіп те қойған. Әлияның өнімдеріне «Южный» супермаркеттер желісі қызығушылық танытқан. Сонымен бірге, астаналық екі көтерме саудагер келісімшарт жасауға ниет білдірген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер