astana-view

Шарапаты мол шара

2016 жылғы 16 Қыркүйек
- Ақмола облысы
9194 просмотров

Бірқатар көкшетаулық кәсіпорындар «Мектепке жол» акциясына қатысты

Олардың арасында «Алаит» ЖШС, «Жаңа Көкшетау» ЖШС, «INCOM Көкше» ЖШС, «Көкше вита» ЖШС, «Левзея» ЖШС, сондай-ақ, жеке кәсіпкер Асхат Хамитов та бар. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы акция «Бақытты балалық шақ аумағы» ұранымен өтіп, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Демеушілік көмек мектеп киімі мен оқу құралдарын сатып алуға жұмсалып, облыс орталығындағы түрлі оқу орындарының жеті оқушысына тапсырылды. Акция аясында кәсіпорындар жергілікті өндіріс орнына да қолдау көрсетті. Олар мектеп киімін «Кокше-спецодежда» тігін кәсіпорнынан сатып алды.

Бүгінде, «Кокше-спецодежда» – өңірдегі мектеп киімдерін жаппай өндіріске шығаратын жалғыз тігін кәсіпорын болып отыр. Кәсіпорын жетекшісі Елена Быданованың айтуынша, мұнда тігілетін мектеп киімдерінің барлығы дерлік мемлекеттік стандарттарға сай келеді екен. Ал мата құрамының 50%-ы табиғи талшықтан тұрады.

Мектеп топтамасына (ұлдарға және қыздарға арналған) белдемшелер, шалбар, жилет жакет және галстук кіреді.

Акцияға Өңірлік палата қызметкерлері де қатысты. «Бұл акцияның ерте-кеші жоқ. Экономика қандай жағдайда болса да, көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына көмек қолын созатын адамдар табылады. Аталған жобаға қатысқан кәсіпорын жетекшілеріне алғыс білдіреміз. Біз өз жұмысымызды осы бағытта одан әрі жалғастырмақпыз», – деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Еркебұлан Баяхметов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер