astana-view

Қарапайым қара нанның дәмі

2016 жылғы 27 Қыркүйек
- Қостанай облысы
7659 просмотров

Қарабалық ауданындағы «Тамақ комбинаты» кәсіпорнында жергілікті технологтар дәмі бал татитын сұлы жармасы мен басқа да экзотикалық қоспалар қосылған ерекше нан пісіруді үйренді

Жергілікті технологтарға Канададан келген сарапшы Брайн Фордхэм екі апта бойы жаңа ас әзірлеу әдістерін үйретті. Ол өңірге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының «Аға сеньорлар» бағыты бойынша кәсіпкерлердің шақыртуымен келген еді.

Бірінші күннен бастап-ақ шетелдік қонақ аудан орталығындағы дүкендердің бірінде өзінің фирмалық тәтті нандарының көрмесін жасап, дәмін татып көруге мүмкіндік берді. Айналдырған бір-екі сағаттың ішінде иісі бұрқыраған тәтті нандар мен дәмі тіл үйірерлік печеньелерден жұрнақ та қалмады. Қарабалықтық бизнесмендер үшін бірінші сабақ стандартты маркетингтік жүріске арналды: жаңа өнім шығардың ба, оны сараңдық танытпастан тұтынушыға таныстыр, ертең-ақ ол ақшамен келетін болады. Канада мен Еуропада бұл әдеттегі жағдай екен... Ал енді нағыз дәмді өнім шығару үшін қалыптасқан қасаң қағидалардан ада болу керек, бұған «Тамақ комбинаты» ЖШС-ның құрылтайшысы Геннадий Кригердің көзі жеткен.

«Канадалықтардың өмір сүру салты мен тамаққа деген көзқарасы мүлде басқа. Ол жақтағылар нанның сапасы қаншалықты жоғары болса, ол соншалықты пайдасыз деген сенімде. Бұл жақта біз ақ нан сатып алып, оны тонналап пісіреміз. Ал ол жақтағыдар қара нанға, қарабидай нанына, қара ұннан жасалатын нандарға таңдау жасайды. Дәмсіз деп ойлайсыз ба? Мүлде олай емес, Брайн қара нанның өзін дәмі тіл үйірерліктей етіп пісіреді. Оның үстіне оның ағзаға пайдасы мол. Мезі болмау үшін ондай нандарға бал, сұлы жармасын, жүзім қосып пісіруге болады. Брайн нанның да атаулы өнім екенін түсіндірді, бастысы – технологияны сақтаса болды, халық дәмін татып көріп, өздері келе бастайды», – дейді Геннадий Кригер.

Кондитерлік өнімдер де соған ұқсас. Мұнда да өзіндік құпиялары, қағидалары бар, олардың бастылары мейлінше қарапайым: Брайнның пікірінше, торттар, тәтті нандар мен печеньелер мерекелік астар. Оларды күн сайын пайдалану біріншіден, денсаулыққа зиян болса, екіншіден бірегей рецептімен пісірген күннің өзінде жалықтыруы мүмкін. Ал канадалық шефтің тамаққа деген жеке талғамына келер болсақ, ол «кишті» ерекше жақсы көретінін айтты. Киш дегеніміз – француздың ірімшік, қақталған төс еті, жеміс-жидектер қосылған қатпарлы бәліші. Қазақстандық асхана оны таң қалдырмай қоймады.

«Жылқы етінен жасалған тағамның дәмін татып көрдім, өте дәмді екен. Бірақ, шынымды айтсам, мен үшін жат. Егер Еуропа мұны дұрыс қабылдаса, ал Солтүстік Америкадағылардың көпшілігі жылқы етінен мұндай дәмді тағам пісіруге болатынын біле бермейді. Мен Қазақстанға екінші рет келіп отырмын. Өте қонақжай ел екен. Сіздерде бизнестің дамуына жақсы жағдай бар, бұл бірден білінеді. Маған осында келіп, тәжірибеммен бөліскен ұнайды», – дейді Брайн Фордхэм.

Бизнесмендерге арналған «Аға сеньорлар» құралы өте ыңғайлы. Өйткені ол нақты мәселелердің шешімін табу үшін шетелдік мамандардың білімдеріне жүгінуге мүмкіндік беріп қана қоймайды (өндіріске жаңа технологиялар енгізу болсын, басқару тәсілдерін жетілдіру болсын), қаржы жағынан да көп шығынға ұшыратпайтын құрал. Шақырылған сарапшылардың жұмысына қаржыны мемлекет төлейді, кәсіпкер маманды тамақпен және жатын орынмен ғана қамтамасыз етеді.

Аспаз сарапшының келесі тоқтайтын жері – Жетіқара ауданы. Оны «Дәмді» кәсіпорны асыған күтуде. Мұнда да жақын арада шетелдік технологиямен пісірелген жаңа өнімнің пайда болуы ғажап емес.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер