astana-view

Кәсіпкер болу үшін не істеу керек?

2016 жылғы 27 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
12980 просмотров

Өз кәсібің жайлы армандап қана қоймай, оны қалай жүзеге асыруға болады? Алғашқы қадам қалай жасалады? Өңірлік кәсіпкерлер палатасында болашақ мектеп бітірушілерге жас кәсіпкерлер үшін көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары баяндалды

Солтүстікқазақстандық жоғары сынып оқушылары «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырған «Бизнес-кеңесші» және «Жас кәсіпкер мектебі» жобаларымен танысты. Балаларға осы семинарлардың арқасында олар тек кәсіпкерлік негіздерін тегін оқып қана қоймай, бизнес-идеяларды таңдау құралдарымен, бизнес-жоспар құрудың заңдылықтарымен және маркетинг бағдарламаларымен танысып, ұйымның негізгі құқықтық аспектілерін және өз бизнесіңді жүргізуді үйренетіні айтылды. Сондай-ақ оқуды аяқтағаннан кейін алған сертификаттары білімі мен біліктіліктерін арттырып қана қоймай, мемлекеттен қаржылай қолдау алуға көмектеседі. Жоғары сынып оқушылары, осындай түсіндіру шараларының жастар үшін пайдалы екенін атап өтті. Көпшілігі шыныменде өз ісін бастау туралы ойға келді. Елді мекендерді жаппай кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қазірден бастау қажет екендігі туралы «Атамекен» ҰКП-нің «Кәсіпкерлікті дамытудың 10 қадамы» атты жаңа бағдарламасында айтылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер