astana-view

Жедел көмекке мың алғыс!

2016 жылғы 27 Қыркүйек
- Ақмола облысы
6799 просмотров

Көкшетау кәсіпкерлері palata.kz арқылы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кеңесшілеріне мәселені тез арада шешуге атсалысқандары үшін алғыс білдірді 

«Женжер Е.П» ЖК – халық тұтынатын тауарларды сатумен, түрлі қызмет көрсетумен айналысады. Десе де, кәсіпкер өз қызметінде үнемі түрлі есептер, оның ішінде, электронды түрдегі есептер берумен де бетпе-бет келіп жатады.

«Өтініш беруші салық есебін өз компьютерінде баптау және жөнелту бойынша көмекке жүгінді. РС-тің тұрақты қолданушысы болса да, статистиканы әзірлеу Евгений үшін қиындық тудырған», – дейді  Көкшетау қаласы КҚО IT-қызметі саласының кеңесшісі Артем Заборник.

«Салық төлеуші» кабинетін баптау қызметі үшін орташа алғанда 3000 теңге сұралады. Бұл қымбат емес, дегенмен тиімсіз деп ойлаймын. Өз жұмысымды жасау барысында мен үнемі осындай IT-сервис қызметтерімен жолығып жатамын. Осы тұста маған таныстарым Кәсіпкерлер палатасында қызмет көрсету орталығы бар екенін айтты», – дейді кәсіп иесі Евгений Женжер.

Кәсіпкер, мәселенің жылдам әрі тиімді, бастысы, тегін шешілгендігіне таң қалғанын да жасырмады.

Тағы бір мысал,  «Көкше-Щит» ЖШС (жекеменшік күзет қызметі) биылғы жылдың наурыз айында құрылған. «Тендерде қатысу ережесінен хабары жоқ өтініш беруші мамыр айында қажетті құжатнаманы даярлауға және процедураларды жүзеге асыруға көмек беруін сұрады. Байқауда жеңімпаз атану үшін «Көкше-Щит» бірнеше мәрте өз бағын сынап көрді», –дейді кеңесші Гүлмира Үсенова.

Тамыз айында кәсіпорын «Зеренді орталық аудандық ауруханасы» ҚМКК стационарлық объектілерін ведомстводан тыс күзету бойынша ашық байқауда жеңімпаз атанды.

«Мемлекеттік сатып алулар хаттамасын ашып, олардың арасында  өзімізді көріп қатты қуандым. Сома көлемі көп болмағанымен, қызметіміз жүре бастады! Әрі қарай бұдан да көп боларына сенеміз, КҚО-ға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз», – деді кәсіпорын директоры Тоқтасын Біләлев.

«Жалпы жыл басынан бері бизнеске сервистік қызмет көрсету бағдарламасы шеңберінде өңір кәсіпкерлеріне 2400-ге жуық қызмет көрсетілді. Олардың арасында бухгалтерлік, құқықтық, маркетингтік, IT саласындағы қызметтері бар», – дейді ӨКП кәсіпкерлікке қаржылық емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы Марат Алтынбеков.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер