astana-view

Бірнеше шетелдік делегация болды

2016 жылғы 27 Қыркүйек
- Алматы қаласы
8432 просмотров

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы бизнес саласындағы халықаралық байланыстарды жақсартып жатыр

Алматы Кәсіпкерлер палатасы апта ішінде бірден бірнеше шетелдік делегацияны қабылдады. Тайванның жеке медициналық орталықтары қазақстандық әріптестеріне Алматыда тайвандық емханалардың филиалдарын ашу үшін дәрігерлерді дайындау мен біліктілігін арттыруда өз қызметтерін ұсынды. Шетелдік әріптестерінің тәжірибесі қазақстандық дәрігерлерге көп көмегін тигізбек. Біздің елімізде 2017 жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру енгізілетіні белгілі. Ал Тайванның медицинасы осы сақтандыру саласы бойынша әлемдегі үздіктердің қатарында.

Тайванның Халықаралық медициналық қызмет орталығының атқарушы директоры Чия Юнь Чу мырза атап өткендей, медициналық сақтандыру денсаулық сақтау саласының, қымбат косметикалық оталарды қоспағанда, қызмет шығындарының 90%-дан астамын жабады. Бұл қызмет түрі ол елде өте танымал. Тұрғындардың 97%-ын қамтиды. Міндетті медициналық сақтандыру Тайван тұрғындары үшін арзанға түседі екен. Палата қонақтары, мемлекеттің жеке емханалар мен  мемлекеттік емханаларға бірдей қаражат бөлетінін атап өтті. Бұдан қазіргідей бәсекелестік жағдайында емделуші тек қана ұтып отыр.

Бүгінгі таңда Алматыда 34-ке тарта жеке медициналық орталық бар. Міндетті медициналық сақтандыруды енгізгеннен кейін денсаулық сақтау саласындағы бизнестің мүмкіндіктері артатын болады.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында Оңтүстік Кореядан келген іскерлік серіктестер де болды. Бизнес-миссияның мақсаты – электротехникалық өнімдер өндіру және сату бойынша бірлескен жобаларды ұсыну. Жарық диодты шамдар, бейнебақылау жүйесі, орталықсыздандырылған желдеткіш, кабель, алюминий терезе профильдері, жылытылған еден жүйелері және жедел саты өндірушілері кез-келген бірлескен жобаларды қарауға әзір.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер