astana-view

Қор нарығы – қаржылық мүмкіндіктер қайнары

2016 жылғы 28 Қыркүйек
- Қостанай облысы
10308 просмотров

Қостанайлық кәсіпорындардың басшылары қазақстандық қор нарығына қатысуға шақырылды

"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) өкілдері акциялар мен облигацияларды орналастыру, екінші деңгейдегі банктерден несие алғаннан анағұрлым пайдалы екеніне сенімді. Олар Кәсіпкерлер палатасындағы кездесуде бизнесмендерге қаржы тартудың негізгі құралдарын таныстырып, мұны пайдаланудың қаншалықты тиімді екенін түсіндірді.

«Егер 2000 жылдан бастап қор нарығында орналастырған облигацияларға қарап отырсақ, негізінен банктерді көреміз. Банктер биржаға шығады, өздеріне ақша тартып, сосын оны отандық компанияларға пайыздық үстемелермен таратып береді. Мынадай сұрақ туындап тұр: неге компаниялар өздері қор нарығына келмейді, неге оны делдалдар арқылы жасайды?» – деп мәлімдеді бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор, "Қазақстан қор биржасы" АҚ Басқармасының мүшесі Қайрат Тұрмағамбетов.

Қайрат Тұрмағамбетов акциялар мен облигацияларды орналастырудың сәтті мысалы ретінде ірі қазақстандық кәсіпорындардың бірқатар атауларын келтірді. Бірақ сонда да олардың саны шектеулі екенін және отандық бизнес әлеуетінің толық сарқылмағанын атап өтті. Кәсіпкерлердің енжарлығы ең алдымен қолжетімді ақпарттың жоқтығына негізделген. Бұл олқылықтардың орнын толтыруға KASE өкілдері тырысып жатыр.

«Біз қазір нақты оқыту бағдарламасын жүргізетін боламыз. Мысалы, биржа туралы, IPO туралы, барлық құралдар туралы толығырақ түсіндіреміз. Егер бізге нақты орта санат керек болса, егер адамдар кәсіпорындарға инвестиция салатын болса, егер компаниялар арзан ақшаларды иемденетін болса және сол қаражатқа өз технологияларын дамытатын болса, егер жаңа өніммен шығатын болса, бұл Қазақстан үшін аса маңызды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бір ғана несиемен әрекет ету ұзақ уақытты талап етеді. Егер Aplle, Facebook, Alibaba сынды алыптар қор нарығына шықпаған болса, біз олар туралы мүлдем естімес едік», – деп атап өтті Қайрат Тұрмағамбетов.

Қор биржасына қатысу құралдары бойынша оқыту Астанада, Ақмола облысында, Атырау мен Алматыда өтеді деп күтілуде. Алыс аймақтардағы кәсіпкерлер қашықтықтан оқи алады. Кездесу қорытындысы бойынша бизнесмендер өздерін толғандырып жүрген сұрақтардың жауабын алды. Оларға тек қана KASE басшылығы ғана емес, сондай-ақ «Freedom finanсe» ЖШС және «Цесна Капитал» АҚ өкілдері де жауап берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер