astana-view

Еңбек адамына айрықша құрмет

2016 жылғы 30 Қыркүйек
7670 просмотров

Астанда  Еңбек күнін мерекелеуге арналған «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» форумында «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Мемлекет қазақстандықтарды жұмыспен қамтуға үлкен мән беріп отыр. Елімізде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020»  бағдарламасы жүзеге асуда. Бұл бағдарлама тек қана жұмыспен қамтуға ғана бағытталмаған. Сонымен қатар қоғамға, кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға қажетті мамандықтарды дайындауды қарастырады. 5 жылдың ішінде бағдарламаға 710 мың адам қатысып, оның 533 мыңы тұрақты жұмыс орнына орналастырылды. 128 мың тұрғын өз білімдерін жетілдіріп, жаңа мамандық иелері атанды», – деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенбаева.

Министр ҚР ДСӘДМ бастамасымен ұйымдастырылып отырған «Еңбек жолы» байқауы еңбек адамдары туралы жағымды қоғамдық пікір қалыптастыруға, кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін құруға, қазақстандықтардың жүрегіне ел экономикасына үлес қосып жүрген өз отандастары туралы мақтаныш сезімін ұялатуға бағытталғанын атап өтті.

Байқаудың алғашқы кезеңі өңірлерде «Үздік еңбек әулеті», «Кәсіпорынның үздік жас маманы», «Жұмысшы жастардың ең үздік тәлімгері» аталымдары бойынша өтті. Байқауға республика бойынша барлығы 460 адам қатысты.

«Бүгін «Еңбек жолы» байқауының өңірлік кезеңінде үш аталым бойынша жеңіске жеткен барлық 48 жеңімпаз осы залда отыр. Олардың арасынан бір салада жұмыс істеп келе жатқан 4 әулетті атап өтуге болады. Шығыс Қазақстан облысынан келген Филипповтар әулетінің еңбек тәжірибесі 360 жыл, атыраулық теміржолшы Аралбаевтар әулетінің де тәжірибесі сонша жыл. Оңтүстікқазақстандық Жанабаевтар әулетінің еңбек тәжірибесі 242 жыл, Ақтөбе облысынан келген металлург Баймолдин әулетінің тәжірибесі 218 жылдан асады. Біздің елімізде мұндай отбасылар саны өте көп», – деді Тамара Дүйсенова.

«Еңбек жолы» байқауының республикалық кезеңінің «Үздік еңбек әулеті» аталымы бойынша Атырау облысынан келген Аралбаевтар әулеті жеңімпаз атанды. Ал «Жұмысшы жастардың ең үздік тәлімгері» аталымын «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-ның экскаватор жүргізушісі Андрей Соловьев жеңіп алды.

Солтүстік Қазақстан облысы «Мамбетов и К» шаруа қожалығының комбайншысы Тұрар Қасымов «Үздік еңбек әулеті» аталымында жеңімпаз атанды. Оны «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов марапаттады.

Сондай-ақ Абылай Мырзахметов Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жанындағы Қайта құру және даму көпсалалы институтының ғылыми қызметкері Анатолий Боженовқа, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас ғылыми қызметкері Шаяхмет Шығанақовқа, «Медицинский Ассистанс» ЖШС өкілдігінің директоры Анатолий Белоногқа «Еңбек ардагері» медальдарын тапсырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер