astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары жеке кәсіпкердің көп мөлшердегі кепілдік жарнасын қайтып алуына көмектесті

2014 жылғы 14 Наурыз
8600 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары жеке кәсіпкер Ерболат Ысқақовқа 300 мың теңге көлеміндегі жарнаны қайтып алуына көмек көрсетті, деп мәлімдейді Palata.kz

Кәсіпкер Ерболат Ысқақов Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдеріне, тендерге қатысу үшін төлеген міндетті жарнасын қайтып алуы үшін көмек сұрап хабарласқан болатын. Тендерге қатысу үшін ол міндетті жарнаны алдына ала төлеп қояды, бірақ құжаттары дайын болмағандықтан, мемлекеттік сатып алу бойынша  өтетін тендерге қатыса алмай қалады.

«Өзенмұнайгаз» АҚ ұйымдастырған мемлекеттік сатып алуға қатысқымыз келді. Бірақ, құжаттарымызды кешіктіріп жібердік. 321 429 теңгені құрайтын міндетті жарнаны уақытысында төлеп қойған едік. 3 ай мерзім ішінде қаржымызды қайтып алуға тырыстық, хат жаздық, телефон соқтық, бірақ, ешқандай нәтиже болмады. Ал олар мәселені шешуге асықпады. Ал ҰКП өкілдері  бір аптаның ішінде мәселемізді шешіп берді, оларға айтар алғысымыз шексіз», - дейді кәсіпкер.

Оның айтуынша, Ұлттық палатаның мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры Тимур Зизаевтың біздің жұмысымызды жедел әрі кәсіби түрде шеше біліпті.

Ысқақовтың фирмасы залалсыздандыру, дезинсекция, дератизациялау заттары мен шыбын мен масаны өлтіретін электр құрылғыларын сатумен айналысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер