astana-view

Мамандықты дұрыс таңдау мәселесі

2016 жылғы 06 Қазан
- Алматы қаласы
7213 просмотров

Жұмыс іздеп жүрген жас мамандардың 80%-ының мамандығы сұранысқа ие емес

Статистика көрсетіп тұрғандай, оларың 40%-ы – колледждердің түлектері. Жұмыспен қамту саласының мамандарының айтуынша, жастардың өз мамандығын дұрыс таңдамаудың тағы бір себебі – кәсіби бағыт-бағдардың дұрыс берілмеуі. Ол туралы дөңгелек үстел барысында айтылды.

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы бірнеше жылдан бері еңбек нарығын анықтау және сұранысқа ие мамандықтарды зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Қала мектептерінде кәсіби бағдар жүргізу мәселесі бойынша Кәсіпкерлер палатасында өткізілген дөңгелек үстелге аудандық білім бөлімінің өкілдері, Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері, Қаланың жұмыспен қамту орталығы, Алматы мектептерінің директорлары шақыртылды. Шараға қатысушылар еңбек нарығындағы қандай өзгерістер болып жатқанын және мектеп оқушыларына мамандық таңдауға қалай дұрыс бағыттау керектігін талқылады.

«Кәсіби-техникалық оқытуды жаңа деңгейге шығару және сұранысқа ие мамандықтар үшін жоғары білікті маман дайындау – Қазақстанды дамыған отыз елдің қатарына кіруге көмектесетін мемлекеттік бағдарламаның бірі. Бұл міндеттерді Мемлекет басшысының өзі жүктеп отыр. Алматы Кәсіпкерлер палатасы осы бағыт бойынша жиі жұмыс жүргізеді. Біз мектептерде ашылып жатқан кәсіби бағыт-бағдар беру кабинеттері үшін электронды материалдардың тізімін жасадық. Ол жерде қаладағы ЖОО-лар мен колледждер туралы, оқу мекемесіне қабылдау ережесі, мектептерде бағдар беру жұмыстарын жүргізу бойынша әдістемелік материалдар, сондай-ақ Жұмыспен қамту картасы бойынша қажетті ақпараттар берілген. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бүгіннен бастап еңбек нарығындағы білікті мамандарға деген сұраныстың өсу мәселесін көтереді», – деді кездесу барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Вера Цзин.

Нәтижесінде, Кәсіпкерлер палатасының қатысуымен Алматы қаласының 102 мектеп, лицей және гимназияларында кәсіби бағдар беру кабинеттері ашылды. Ол жерде ЖОО, колледждер және  олардың оқыту бағыттары бойынша ақпарат алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер