astana-view

Тағы да жеңіс!

2016 жылғы 11 Қазан
- Павлодар облысы
9594 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының көмегінің арқасында кәсіпкер сомасы 50 млн теңгеден асатын мемлекеттік тапсырысты еншіледі

Мемлекеттік сатып алулардың аталған лотының төңірегіндегі дауға соңғы нүкте қойылды. Бұрын Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары протездік-ортопедиялық бұйымдар әзірлеумен айналысатын «Ортопрот» ЖШС біліктілік талаптарына сай екенін дәлелдеп үлгерген еді. Ол кезде талдауға мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушының конкурс талаптарына негізсіз өзгерістер енгізгені себеп болған еді. Нәтижесінде ЖШС 50 135 000 теңге болатын мемлекеттік тапсырыстың иесі атанды.

Енді сол конкурсқа қатысқан келесі бір қатысушы сондағы қорытындыны жою туралы талап арыз беруде. Арыз беруші шағымынша, «Ортопрот» фирмасы ЖШС міндетті тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтуі қажет екен.

Алайда ӨКП сарапшылар протездік-ортопедиялық бұйымдар мемлекеттік тіркеуге жатпайтындығын, осыған байланысты бұйымдар мүмкіндігі шектеулі жандардың анотомиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тапсырыс бойынша дайындалатындығын анықтады. Осы дерек мәселені шешуде салмақты дәйек болды.

ӨКП кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлімнің сарапшысы Сейфолла Қасымқановтың түсіндіруінше, талап арыз берушінің жасалып қойған шартты бұзуға құқығы жоқ.

«Өтініш беруші шарттың бір тарапы да, уәкілетті орган да емес, сондықтан оның талаптары орынсыз. Тараптар келісім берген жағдайда ғана шартты бұзуға болады. Осыған байланысты «Ортопрот» фирмасының аталған мемлекеттік тапсырыс бойынша барлық құқығы сақталып қалады», – деп атап өтті сарапшы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер