astana-view

Заңды белден басуды тоқтатар емес

2016 жылғы 12 Қазан
- Жетісу облысы
6499 просмотров

Мемлекеттік органдар конкурстық құжаттамалар жасау барысында сатып алулар ережесін бұзуды доғарар емес

Бұл мемлекеттік сатып алулар порталына мониторинг жүргізу барысында анықталды. Тапсырыс беруші мемлекеттік органдар мамыр айынан бері конкурстық құжаттама даярлау барысында 53 құқық бұзушылыққа жол берген. Мәселен, жақында Ақсу аудандық білім бөлімінде заңбұзушылық тіркелді. Хабарландыруды жариялау кезінде орган картридждердің кейбір маркаларын ғана көрсеткен. Ол әлеуетті жеткізушілердің санын шектеуге әкеп соқтырар еді. Ол «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңның 21-бабының 3-тармақшасына қайшы келеді.

Палата сарапшысы Айдар Қажымұқанның прокуратураға арыз түсіруінен кейін мемлекеттік ішкі аудит департаменті мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы сақтау бойынша камералды бақылау жүргізді.

«Камералды бақылау барысында сіздің арызыңызда көрсетілген техникалық ерекшелікте тауардың фирмалық атауын көрсету арқылы әлеуетті жеткізушілердің санын шектеуге бағытталған дәйектер расталды», – делінген департамент басшысы Н.Құдайбердиевтің жауап хатында. Осыған байланысты жарияланған мемлекеттік сатып алулар заңсыз деп танылды.

Мемлекеттік сатып алулар порталына жүргізілген мониторинг барысында Іле ауданы Боралдай ауылы әкімі аппараты жариялаған хабарландырудан осыған ұқсас кілтипан анықталды.

Кәсіпкерлер палатасы Алматы қаласы («Промкомплект-Б» ЖШС) мен Алматы облысының («TSC Әмбеба құрылыс машинасы» ЖШС») мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік сатып алулардың жауапсыз жеткізушілері тізіліміне ілінген кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмыстарымен айналысуда. Өңірде отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары жүргізілуде, апта сайын мемлекеттік сатып алулар порталына мониторинг жасалады. Осы бағытта 18 кәсіпкерге сомасы 11 млн теңге болатын конкурстарға құжаттама дайындауға, мемлекеттік сатып алулар порталына тіркеуге көмек беріліп, заңнама негіздері түсіндірілді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер