astana-view

«Ұлы дала елі» шақырады

2016 жылғы 13 Қазан
7201 просмотров

17-19 қарашада Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілер форумын өткізеді

Құрылтай мақсаты – ынтымақтастықтың басты мәселелері бойынша бизнес ұстанымын қалыптастыру және отандық тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланысты нығайту.  

Форум аясында B2B секциясы өтпек. Онда бизнес өкілдері ғана емес, сондай-ақ, тапсырыс берушілер де алдағы жоспарлы әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа қатысты сауалдарға жауап ала алады. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен жер қойнауын пайдаланушылар, өнімді сату, сауда және экспорт мәселелері талқыланады деп күтілуде.

Осыған орай, В2В секциясын тиімді ұйымдастыру мақсатында, ҰКП жұмыспен қамту департаменті кәсіпкерлерден аталған бағыттар бойынша өзекті әрі жүйелі сауалдар тізімін жасап, үстіміздегі жылдың 14 қазанына дейін ұсынуды сұрап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер