astana-view

Кірісті көбейтемін десеңіз...

2016 жылғы 14 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
7691 просмотров

Облыста ауыл шаруашылығы саласындағы 800-ге жуық кәсіпкер арнайы оқудан өтті

Солтүстікқазақстандық  ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері үш ай бойы «Агрокәсіпкерлік-2020» бағдарламасы аясында арнайы білім алды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерінің білім деңгейін арттыру үшін, сондай-ақ тәжірибе алмасуды жолға қою үшін «Атамекен» ҰКП жанынан Агробіліктілік орталығы құрылғаны аян. Ол жерде тек кәсіби біліктілікті артырумен ғана айналыспайды, сонымен қатар оқу бағдарламалары мен әдістемелерін дайындайды. Ал сол білімді жетілдіру үшін, биылдан бастап оқыту семинарлары агроөнеркәсіп кешенінің басым бағыттары бойынша алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда өтіп жатыр. Барлығы 50 семинар өтті. Оның 14-і өсімдік шаруашылығы бойынша, 36-ы мал шаруашылығы бойынша ұйымдастырылды. Сарапшылар атап өткендей, ауыл шаруашылығы өндірісінде 4000-нан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары бар және жұмыспен қамтылған халықтың төрттен бір бөлігі, шамамен 130 мың адам еңбек ететін облыс үшін осындай оқыту курстарын ұйымдастыру  аса қажет. Тыңдаушылардың ойынша, алған білімдері оларға жаңа технологияларды енгізуге, сонымен қатар сапаны жақсартып, кірісті көбейтуге көмектеседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер