astana-view

Азаматтың арманы орындалды

2016 жылғы 20 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
6140 просмотров

Аққайың ауданында кондитер цехы ашылмақ

Азамат Аңдамасов ұзақ жылдар бойы ауылда азық-түлік тауарларын сатумен айналысады. Алайда, көптен бері өз ісін ашу туралы армандап келген. Аққайың ауданы Кәсіпкерлер палатасы филиалында өткен «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру семинарынан кейін кәсіпкер өз кәсібін ашуға бел буған. Кәсіпкерді өз бизнесін кеңейтуге арналған құралдар қызықтырған екен. Ол бағдарлама арқылы арнайы қондырғысы бар коммерциялық мүлік алмақшы. Осылайша ол нан, ұннан жасалатын кондитерлік және аспаздық өнімдер шығармақ. Десе де өзінің кепілге қойылатын мүлігі жеткіліксіз болғандықтан, ол нақты кәсіпкер ретінде, «Даму» қоры кепілін – несие сомасының 50%-ын және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында субсидиялау талаптарының 10%-дық пайыздық сыйақы мөлшерлемесін пайдаланған.

Бизнесін кеңейту үшін Азамат Аңдамасов аудандық Кәсіпкерлерге қолдау орталығына жүгінеді. Ондағылар кәсіпкердің идеясына қолдау білдіріп, қажетті құжаттар жинауға және бизнес-жоспар құруға көмек көрсеткен. «Бизнестің жол картасы-2020» – мемлекеттің кәсіпкерлерге қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсету тетіктерін біріктірген бірегей бағдарлама болып саналады. Өз ісін ашып жатқан кәсіпкер немесе бизнесін кеңейткісі келген кәсіпкер несие бойынша кепілдік пен субсидия ала алады. Ауылдағы кәсіпкерлерге де осындай көмек көрсетіледі. Бұл өте маңызды, себебі, тек ауыл тұрғындары ғана өз әлеуетін көтеріп қана қоймай, өзгелерге де жұмыс орындарын ұсына алады», – деді СҚО КП Аққайың ауданы филиалының директоры Руслан Аитов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер