astana-view

Мемлекеттік қолдаудан қалыс қалады

2016 жылғы 21 Қазан
- Жетісу облысы
5194 просмотров

Қапшағайда кәсіпкерлікке бет бұрған тұрғындарды заңды аясынан шықпай жұмыс істеуге шақырды

Алматы облысында жеке тұлғаларды заңды бизнес-ортаға тарту және сауда алаңының қолжетімділігін түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Мысалы, Қапшағайдағы Палата филиалында және қала орталығында мемлекеттік кірістер бөлімі прокуратурамен бірге кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырды.

Қала прокуроры Мәрлен Жұмаханов, ауылшаруашылық тауарларын өндіруші кәсіпкерлер үшін сауда алаңдары мен нарық қолжетімділігінің мәселесін шешу мақсатында қадағалау органы сараптама жүргізді деп хабарлады.

«Сараптама нәтижесі көрсеткендей, елдімекендердің орталық бөлігіндегі базардың ыңғайлы орналасуы мен қолайлы жалдау ақысы есебінен сатып алушылардың көптеп келуі көп жағдайда аумақтың 100% толуын қамтамасыз етеді. Осы жағдай базарда сауда жүргізуге кәсіпкерлердің қызығушылық танытып отырғанын айғақтайды. Бұл ретте, кейбір жағдайларда, жалға алудың төлем құны сауда орнының аумағына тәуелді. Ал басқа жағдайда күн сайынғы немесе ай сайынғы төлем белгіленеді», – деп атап өтті ол. Алайда бүгінде сауда орындарының жалға алу тәртібін реттейтін нормалар заңнамада қарастырылмаған. Бұл жағдай белгілі бір кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға құмар базардың жауапсыз қызметкерлеріне жағдай жасайды. Осылайша, М.Жұмахановтың ойынша, бұл жағдайда кәсіпкерлер жалға орын алу мақсатында әкімшілікке пара беруге бейім болады. Қапшағай қаласы Мемлекеттік кірістер бөлімінің басшысы Игорь Бекшентаев, бөлшек саудада салық салынбайтындығын атап өтті.

«Айша-сити» базарының иесі Роза Әбусаттарова, оның қарамағында базар қызметінің тәртібін ұйымдастыратын екі әкімші жұмыс істейтінін айтты. Олар барлық жалға алушылармен келісімшартқа отырған. Базардың толу деңгейі 40%-дан асады.

Сондай-ақ кездесуде жолаушылар тасымалдау саласындағы заңсыз кәсіпкерлік мәселесін талқыланды. Мысалы, қала бойынша жеке жолаушылар тасымалдау саласында бар-жоғы 116 ЖК және жүк тасымалдау бойынша 136 кәсіпкер тіркелген.

«Алайда жеке тұлғалардың көпшілігі жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Сол себепті де бюджетке салықтар мен төлемдер түсіп отырған жоқ. Осы жағдайда олар қайтарымсыз гранттар, несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау сынды мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана алмайды», – деді қалалық Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Алмагүл Қамбарова.

Кәсіпкерлер палатасы өкілдері, прокуратура, мемлекеттік кірістер бөлімі және жергілікті полиция қызметі заңды кәсіпкерлікпен айналысуға шақыра отырып, жекелеген тасымалдаушылармен кездесті. Нәтижесінде олардың жетеуі кәсіпкерлік қызметін заңдастыруға ниет білдірді.

Бұрын, осындай жұмыс нәтижесі бойынша, прокуратура мемлекеттік органға үш қадағалау актісін енгізген. Жолаушы тасымалдау кезінде заңбұзушылық жасаған 40-тан астам тұлға әртүрлі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қадағалау шаралары мен түсіндіру жұмыстарынан кейін, тіркеу есебіне 15 жүк тасымалдаушы жеке кәсіпкер ретінде тіркелген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер