astana-view

Саңырауқұлақ пен сарымсақ...

2016 жылғы 21 Қазан
- Қостанай облысы
7327 просмотров

Саңырауқұлақ мен сарымсақ өсіру, автомобиль шиналарын қайта өңдеу мен дыбысөткізгіш жүйені жетілдіру. Бұл «Жас кәсіпкер мектебіне» келген жас толқын ұсынған бизнес-жобалардың бір бөлігі ғана

Бір апталық оқу аясында жиырма бес қыз-жігіттен құралған бірінші топ ойға алған стартаптарын іске асыру үшін қажетті білім алып шықты. Мәселен, Рудный қаласынан келген Роман Шумаков жергілікті дүкендерді саңырауқұлақтармен қамтамасыз етуді ойластырып жүр.

«Облысымызда саңырауқұлақ бизнесімен айналысатындар аз, негізінен сырттан әкеледі. Маған осы бағыт қызық болып тұр. Қаражат тапсам, жылыжайды жалға алып, саңырауқұлақ өсіруді бастағым келеді. Бизнестің бүгінде қандай жағдайда жұмыс істеп жатқандығын, оны ұйымдастыру үшін не қажет екенін білу үшін курсқа келдім», – дейді Роман Шумаков.

Федоровск ауданынан келген Руслан Оразбаевтың да ойлағаны осыған ұқсас. Бірнеше жылдан бері ол сарымсақ өсіріп келеді. Түсетін өнім өздеріне де, көршілеріне де жетеді. Жақын арада осы істі жолға қойғысы келеді.

«Сарымсақ жақсы өседі, бастысы, топырақты дұрыстап өңдеу қажет. Бұрынырақ үйге жақын орналасқан екі жер телімін заңдастырып алғанмын. Енді жерді қоршап, суару жүйесін сатып алып, жарық орнатып, жер теліміне толықтай сатуға арналған сарымсақ еккім келеді», – деп ойымен бөлісті Руслан.

Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлері айтып өткендей, бүгінде қызықты жобаларды іске асыру жөнінде мәліметтер өте көп. Алайда ол мәліметтер жүйелендірілмеген. Қажетті білімді бір жерден және нақты мысалдардың негізінде алған әлдеқайда жеңіл. «Жас кәсіпкер мектебі» осындай сұраныстарға жауап береді. Қатысушыларға кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық түрлері туралы, салық режимдері мен бизнесті тексеру жүйесі туралы айтылады. Ал, ең бастысы, мұнда бизнес-жоспар құруды үйретіп қана қоймай, болашақ стартаптың барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға көмектеседі.

«Мәселен, бір жас жігіттің дөңгелектерді қайта өңдеу бойынша жақсы жобасы бар, бірақ қоқыстарды жою, сақтауға қатысты қарапайым есептеулер жоқ. Біз мұндай кемшіліктерді бірге анықтаймыз, осындай қателіктерді жойып, оны бизнес-жоспарға енгізуге көмектесеміз. Немесе, мәселен, біздің курсқа автомобильдердің дыбысөткізгіштігін жетілдірумен айналысатын бір жігіт келді. Ісі табысты, бірақ алға қара жылжу қажет, ал оған білім керек. Біздің жоба осынысымен де қызықты», – дейді бизнес-тренер Жанна Күжікова.

Курс аяқталған соң қатысушылар бизнес-жоспарлар жасайды, соның ішіндегі ілкімді жобалар «Идеялар жәрмеңкесі» байқауында таныстырылады. Соның ішіндегі үздіктері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында грант алу үшін Өңірлік үйлестіру кеңесіне жіберіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер