astana-view

Қостанайда Бухгалтерлер клубы ашылды

2016 жылғы 25 Қазан
- Қостанай облысы
8291 просмотров

Клуб облыстық Кәсіпкерлер палатасы жанында құрылды. Басты мақсат – аталған мамандық иелерінің кәсіби деңгейін арттырып, өзара тәжірибе алмасуға жол ашу

Кәсіпкерлер палатасына бухгалтерлер қандай да бір мәселенің шешімін табу мақсатында жиі көмекке жүгініп жатады. Сарапшылар Клуб аясында оларға тиянақты жауап қатып, өзекті мәселелерді шешу әлдеқайда тиімді cипатқа енбек.

Клубтың жемісті қызметін қамтамасыз ету мақсатында Палата бухгалтерлерден келіп түсетін өтініштерді бір жүйеге келтіріп, олардың негізінде кезекті отырыста қаралатын мәселер тізімін жасамақ. Сондай-ақ, Клуб отырыстарына мәселені жан-жақты түсіндіру үшін, мемлекеттік органдар немесе консалтингтік фирма мамандарын шақыру көзделіп отыр. Бұл ретте, Клубтың құрамы еркін екенін айта кеткен жөн. Сол себепті, Клубқа кез келген жекеменшік компанияның бухгалтерлері мүше бола алады.

«Жалпы, бухгалтерлер өздерінің кәсіби біліктілігін арттырып, заңдағы өзгерістерге қанық болғысы келеді. Мысалы, өткен аптада ғана астаналық «Бухгалтерлердің орталық үйі» компаниясы міндетті электронды шот-фактура енгізуге қатысты семинар өткізуімізді сұрады. Бүкіл облыс бойынша үш жүзден астам адам осы хабарға құлақ асып, шараға қатысуға ниет білдірді.  Мұндай кездесулерді тағы да ұйымдастыруға тырысамыз. Клубтың тағы бір артықшылығы, мұнда өз тәжірибеңмен бөлісуге болады», – деді  Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Геннадий Кукоба.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер